Сіз білесіз бе?..

Қартаюға қант та себепкер

кант «Құрамында қанты көп тәтті тағамдарды жиі жеу – теріге әжім түсуін ертелетіп қана қоймай, инсультқа шалдықтыруы мүмкін» дейді Калифорния университетінің профессоры Генрих Шмидт. «Естімеген елде көп» деген осы. Басқасы басқа, мұны «атасы жаудан, анасы шайдан қайтпаған» елдің баласы біздің де біле жүргеніміз абзал. Америка Медицина қауымдастығы ғалымдарының айтуынша, күніне 4-6 шай қасықтан артық шекер пайдаланбаған жөн. Бұл шайға қосарға ғана қатысты емес. Күнделікті жейтін тағамыңыздағы мөлшер. Ол аз болғандай, шақпақ қантты ең зиянды тәттілер қатарына теліпті. Құрамында көмірсулар көп болғандықтан, атеросклероз бен жүрек қан тамырлары сырқаттарына ұрындыратын көрінеді. Себебі, көмірсулар мен қант қоспасы бар кез келген тағам қандағы глюкозаны көтереді. Онымыз теріге кері әсерін тигізіп, ондағы коллаген мен эластин мөлшерінің азаюына әкелсе керек. Нәтижесінде, тері қабаты құрғап, жұқара бастайды. Бекжан БАҚЫТҰЛЫ, Қарағанды облысы