Головкин мен Гилдің жекпе-жек күресі тікелей эфирде көрсетіледі

 головкин гил

Геннадий Головкин мен Дэниэл Гилдің жекпе-жек күресін «Қазақстан» ТРК және «KazSport» телеарналары тікелей эфирде трансляциялайды

26 шілдеде Нью-Йорк қаласында Madison Square Garden 20-мыңдық үлкен аренасында жылдың ең үздік оқиғасы - WBA және IBO нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин мен әлемнің бұрынғы чемпионы австралиялық Дэниэл Гил арасында кездесу өтеді. Головкин WBA нұсқасы бойынша әлем чемпионы атағын 11-нші рет қорғайтын болады. Г.Головкиннің промоутері Том Леффердің журналистерге хабарлауынша, қазақстандық пен австралиялық боксшылардың кездесуін әлемнің 100-ден астам елінде көрсетеді. Madison Square Garden-ғы барлық күрескерлік кездесулер «KazSport» телеарнасында Астана уақыты бойынша таңғы 06.30-дан бастап көрсетіледі.  Таңғы сағат 8-де Головкин мен Гилдің күресі «Қазақстан» ұлттық телеарнасының тікелей эфирінде көрсетіледі. Естеріңізге сала кетейік, Головкиннің бірде–бір қарсыласы барлық 12 раундта әлі күнге дейін жеңіске жеткен жоқ, ол өзінің 29 жеңісінің 26 жеңісін нокаутпен және 16 рет рингтен уақыттан тыс кеткен болатын. Головкин үшін бұл кездесу кәсіби рингтегі 30-шы кездесу болғалы тұр. Геннадий Головкин Қарағанды қаласының тумасы, қазақстандық боксшы, 2003 жылы кәсіпқой боксшылар арасындағы әлем чемпионы және 2004 жылғы Олимпиада ойындарының вице-чемпионы, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері, Қазақстанның 7 дүркін чемпионы, халықаралық турнирлердің жеңімпазы. 2013 жылдың соңында WBA нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлемнің қазақстандық суперчемпионы USA Today америкалық басылымы бойынша «Жыл боксері», сондай-ақ, Ring журналы оқырмандарының пікірі бойынша да «Жыл боксері» атағын иеленді. Астана қаласында 2013 жылдың 24 сәуірінде өткен Қазақстан Халқының XX Ассамблеясында атақты спортшы өзі туралы: «Менің ұлтым жайлы сұраған кезде мен: Әкем – орыс, шешем – кәріс, ал мен – қазақпын! - деп жауап беремін. Менің барлық жеңістерім еліме, халқыма, президентіме арналады!», - деп айтқан болатын. «Қазақстан» Республикалық телерадиокорпорациясы «Қазақстан» ұлттық телеарнасын, «Балапан» және «КAZsport» телеарналарын, Қазақ, «Шалқар», «Астана» және «Classic» радиоларын, сондай-ақ аймақтық телерадиокомпанияларды біріктіреді. Корпорацияның ресми сайты www.kaztrk.kz. Әлеуметтік желілердегі парақшалары: facebook.com/Kaztrk.kz, twitter.com/kaztrk_kz, youtube.com/user/NTKKazakhstan