УЕФА-ның клубтық рейтингінде Қазақстан 32-ші орынға көтерілді

Чемпиондар Лигасы мен Еуропа Лигасына іріктеу кезеңінің бірінші айналымының қорытындысы бойынша қазақстандық футбол клубтары 2,125 ұпай жинап, жалпы рейтингте еліміз 32-ші орынға көтерілді деп хабарлайды Sports.kz.УЕФА-ның клубтық рейтингінде Қазақстан 32-ші орынға көтерілді

Осылайша Қазақстан аталған тізімде Грузия мен Молдованы алдына шықты. Біздің алдымызда тұрған Венгрия, Әзірбайжан және Словакияның ұпайлары бірдей.

Айта кетейік, Еуропа Лигасының іріктеу кезеңінде өнер көрсетіп жатқан "Астана" мен "Қайрат" командалары кеше кезекті ойындарын өткізді.

Елордалық команда өз алаңында Тель-Авивтің "Хапоэлін" 3:0 есебімен ойсырата жеңсе, "Қайрат" Данияның "Эсбьерг" клубымен тең тарқасты.