Әбденовке жұмыртқа лақтырған Цуканов полицейді тістеп алды!..

984

Бұрынғы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Әбденовке жұмыртқа лақтырған Андрей Цуканов тағы көзге түсті. Бұл жолы ол тәртіп сақшысының ескертуіне құлақ аспай, полицейді тістеп, одан кейін шалбарын жыртып тастаған деп хабарлайды BNews.kz Алматы қалалық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Фото: Халық газеті
Фото: Халық газеті

«7 шілде күні Абылайхан және Қазыбек би көшелерінің қиылысында камерасын көтеріп алған Андрей Цуканов бір топ әйелмен бірге көшеге жүгіріп шығып, көліктердің қозғалуына кедергі туғызған.

Полиция қызметкерлерінің жаяу жүргіншілер арнайы жерде тұру керектігі туралы ескертуіне қарсылық білдіріп, полиция қызметкерінің саусағын тістеп, одан соң шалбарын жыртқан», – деп жазылған хабарламада.

Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодексінің 355 бабы 2 бөліміне сәйкес кінәлі деп танылып, 15 тәулікке қамауға алынған.