Линза тағатындардың назарына!!! Көз алмасын жеп қоятын бактериялардан сақ болыңыздар...

Тайваньда жарты жыл бойы көзінен линзасын шешпеген студент ауыр жағдайға тап болды. Осы уақыт аралығында көзінің ішкі жағына жиналған қауіпті бактериялар қыздың көз алмасын жеп қойған.

Офтальмологтар көз линзасын пайдаланушыларға қарапайым гигиенаны сақтауды ұмытпау керектігін ескертеді, деп хабарлады Daily Mail.

23 жастағы Лиан Као еріншектігінен осындай күйге душар болған.

Дәрігерлер біріншіден, линзаны түнде арнайы ерітіндіге салып, үнемі тазартып отыруға, екіншіден, жуынған кезде міндетті түрде шешіп қоюға кеңес береді. Ал Лиан бұл қағидалардың ешбірін сақтамай, линзаны жарты жыл бойы шешпеген.

Салдарынан оның ішкі бетінде микробтардың таралуына қолайлы орта қалыптасқан. Көзі көрмей қалған Лиан Каоға дәрігерлер сирек кездесетін акантамебтік кератит деген диагноз қойды.

Бұл ауру бірнеше жылдар бойы дамиды, адам оны асқынған кезінде бір-ақ сезеді.

"Линза пайдаланушылар көзілдірік киетіндерге қарағанда, түрлі ауруларға бейім болады", - деді Лианды емдеп жатқан Тайбэй ауруханасының бас офтальмологы. Читать полностью:  http://news.nur.kz/kk/321527.html

ҚазАқпарат