Ақмола облысында мереке күндері қызара бөрткен 81 жүргізуші құрықталды

Ақмола облысында мереке күндері мас күйінде көлікке отырған 81 жүргізуші ұсталды. Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметінен хабарлады.

Фото: odk.kz
Фото: odk.kz

Полицейлердің мәліметі бойынша мереке күндері облыс аумағында 4 күн бойы жүргізілген "Қауіпсіз жол" жедел-алдын алу шарасы барысында 1922 рет жол қозғалысы ережесі бұзылғаны анықталды.

Оның ішінде мас күйінде темір тұлпарын тақымдаған 81 жүргізуші құрықталды. 207 жүргізуші жылдамдықты белгіленген шамадан асырса, 537 оқиғада қауіпсіздік белбеуін тағу ережесі бұзылған.

Сондай-ақ, 14 ретте жаяу жүргіншіге жол берілмегені және 168 жүргізушінің көлік басқарып келе жатып ұялы телефонымен сөйлескені анықталды.

Осы арада айта кету керек, жаяу жүргіншілер де қарап қалған жоқ. Олар айналасы 4 күннің ішінде 155 мәрте жол қозғалысы ережесін бұзған. Читать полностью:  http://news.nur.kz/kk/320907.html

ҚазАқпарат