Қарағандының бұрынғы әкімі 5 млн бюджет қаржысына үйін жөндеп алған

Қарағанды облысы бойынша Қаржы полициясы департаменті Қарағанды қаласының бұрынғы әкімі М.Смағұловқа қатысты қызметтік өкілеттігін теріс пайдалану фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады.

Бұл туралы Қаржы полициясының баспасөз қызметі хабарлады.

Мейрам Смағұловқа 2013 жылы "ЮТЭКС" ЖШС директорына осы кәсіпорынның есебінен Қарағанды қаласындағы өзінің жеке үйін жөндеуді заңсыз тапсырған деген күдік тағылуда. Бұл құрылыс компаниясы мемлекеттік несиелік үйлерді салудың мердігері болған.

Алдын-ала есептеу бойынша Смағұловтың үйінде "ЮТЭКС" ЖШС-мен жасалған жөндеу жұмыстарының құны 5 млн теңгеден астам соманы құрады.

Қылмыстық іс тергелуде, өзге ақпарат тергеу мүддесіне байланысты жарияланбайды. Читать полностью:  http://news.nur.kz/kk/320360.html

ҚазАқпарат