Қазақстан мұнай өнімдерін экспорттауға тыйым салды

Қазақстан дизельді отын, керосин және тағы басқа мұнай өнімдерін экспорттауды уақытша тоқтатпақ.

Мұндай қадам елдегі ішкі нарықта дағдарыс тудырмау үшін жасалып отыр. Үкімет қаулысына Премьер-министр Кәрім Мәсімов қол қойды.

"ҚазТаг"-тың мәліметінше, құжатта "мотор майлары, дизелді отын, газойл, керосин мен өзге де мұнай өнімдерін алты айға тысқа шығаруға шектеу қойылсын", - делінген.

Сондай-ақ, үкімет басшысы сұйытылған мұнай газының ішкі нарықтағы көтерме баға межесін белгілейтін қаулыға қол қойды.

Осылайша, Қазақстанда 2014 жылдың 30 қыркүйегінен бастап аталған мұнай өнімінің бағасы 38 701 теңге болып есептелді.

Астана телеарнасы