Ораза тұтушыларға диетолог маман кеңес берді

Биыл мұсылмандар қасиетті санайтын, ораза ұстайтын рамазан айы жаздың ең ыстық, ұзақ күндеріне сәйкес келіп тұр. Азаттық диетолог маманнан ораза тұтушылардың қалай қоректенуі жөн екенін сұрап білді.

Азаттық тілшісі Ұлттық салауатты тағамтану орталығының маманы, диетолог Айгүл Нағашыбекқызымен мұсылмандар үшін ораза тұту кезінде ағзаға ең пайдалы диета туралы сұхбаттасты.

– Бүгін – рамазан айының алғашқы күні. Осы орайда ораза тұтатын Қазақстан мұсылмандары қандай тағамдарды жиі пайдаланғаны дұрыс деп кеңес бересіз?

– Жаз мезгілі ораза ұстаған адам түгілі ұстамаған адамдардың өзіне қиындық туғызады. Ал ұзақты күнге аш жүрген адам үшін одан бетер қиындық туары белгілі. Жалпы ересек адам күніне тамақтан бөлек 2 литрге жуық су ішуге тиіс. Ал сәресіден ауызашарға дейінгі аралықта организм осы сұйықтықты іздейді, былайша айтқанда шөлдейді. Сондықтан сол шөлді күшейтпес үшін ең бірінші – тұздылығы аз тамақ ішкен жөн. Себебі тұзды тамақ шөлдетеді, одан кейін мөлшерден көп ішілген су зәрге айналып сыртқа шығады да, организмді  тағы да шөл қыса бастайды. Екіншіден, майлы тамақтан бас тартқан дұрыс. Өйткені қуаты күшті тамақ ішкен сайын оны қорытуға энергия көбірек жұмсалады. Егер тамақты шақтап жейтін болсақ, соған лайықты ғана энергия жұмсалады.

Майлы тамақтан бас тартқан дұрыс. Өйткені қуаты күшті тамақ ішкен сайын оны қорытуға энергия көбірек жұмсалады. Егер тамақты шақтап жейтін болсақ, соған лайықты ғана энергия жұмсалады.

– Майлы тамақтан бас тарту керек деп жатырсыз. Бірақ күнұзақ нәр сызбаған "аш қарын майлы ас жемей жұбана ма?" – Бұл жерде мен аса майлы етіп қуырылған тамақтарды айтып тұрмын. Норма бойынша организм бір тәулікте тұтынатын тағамның 12-15 пайызы белок, 30-35 пайызы май болып түсу керек. Бұл жерде майға ішкен айраныңыз бен жеген балығыңыздың құрамындағы май да кіреді. Сол себепті тек өсімдік майларына пісірілген тамақтарды жеуге кеңес беремін. – Ораза ұстаған адамның денсаулығына кері әсерін тигізетін нақты тағамдарды атап беріңізші?

– Ашығу кезінде адамның жүйке жүйесі, асқазаны тітіркенген жағдайда тұрады. Әлсіреп, шаршап тұрасыз. Сондай кезде, бірден қуырылған тамақ жеуге болмайды. Екіншіден, ащы тамақ жеуге тағы болмайды. Өйткені ашығу кезінде асқазандағы сөл көбірек бөлініп тұрады да, қышқыл бөлу деңгейі сәйкес келмей астың қорытылуына кері әсерін тигізеді. Үшіншісі – малдың майы. Кез-келген малдың майының құрамында жүрек қан тамырларының жүйесін бітеп қалатын қышқылдар өсімдік майларымен салыстырғанда көбірек болады. – Сонда мал етін мүлдем татып алуға болмай ма?

Бұдан басқа бидай мен жүгерінің талқандары өте пайдалы. Өйткені талқан күйсін, қуырылсын, бәрібір, олардың құрамындағы сіздің денсаулығыңызға пайдалы заттардың 80 пайызы сақталады.

– Денсаулыққа ең пайдалысы – таза асылып, піскен ет. Сосын сорпалы тамақты неғұрлым көбірек ішу қажет. Бұдан басқа бидай мен жүгерінің талқандары өте пайдалы. Өйткені талқан күйсін, қуырылсын, бәрібір, олардың құрамындағы сіздің денсаулығыңызға пайдалы заттардың 80 пайызы сақталады. Мәселен, таңғы сәресіде 50 грамм талқан жейтін болса, ол кешкі ауыз ашарға дейінгі аралықтағы сізге керекті энергияны қамтамасыз ете алады. Сондай-ақ ол ұзақ уақыт қорытылады. Яғни, сіздің қарныңыздың тез ашпауына әсерін тигізеді.

– Денсаулық тұрғысынан келгенде кімдерге ораза ұстауға болмайды? – Медицина жүкті әйелдерге, содан кейін гармоналдық ауытқулары бар жандарға (қалқанша безіне, қант диабетіне байланысты аурулар), сосын жүйке жүйесінің кейбір ұстамалы аурулары бар адамдарға ораза тұтуға тыйым салады. – Ораза ұстаудың медициналық тұрғыдағы пайдасы қандай? - Артық салмақты адамдарға, жүрек қан тамырларының ауруы бар адамдарға, содан кейін бауыры мен өт жолы ауыратын адамдарға пайдалы. Өйткені ораза организмдегі шлактарды шығаруға мүмкіндік береді. Мәселен, күніне төрт мезгіл тамақ ішу керек дейтін болсақ, сол тамақтарды ішіп жүрген кезде ол белгілі бір деңгейдегі заттарға ыдырайды да, шлактардың шығуына мүмкіндік болмайды. Ал ашығу кезінде іште жатқан тұздардың еруіне, адам организміндегі артық қалдықтардың тазаруына мүмкіндік туады.

Азаттық