Виктор Храпуновқа халықаралық іздеу жарияланды

Алматы қаласының және Шығыс Қазақстан облысының бұрынғы әкімі, экс-министр Виктор Храпуновқа қатысты 20 қылмыстық іс тергелуде.

Бұл туралы бүгін елордада ҚР Экономикалық және сыбайлас жемқорлықпен күрес агенттігінің ресми өкілі Мұрат Жұманбай мәлім етті. "Агенттік Алматы қаласының және Шығыс Қазақстан облысының бұрынғы әкімі, экс-министр Виктор Храпуновқа қатысты бірқатар сыбайлас жемқорлық пен экономикалық қылмыстарды жасау фактілері бойынша 20 қылмыстық істі тергеуде. Виктор Храпуновқа сырттай айып тағылып, сотпен оны қамауға алу санкцияланды. Ағымдағы жылдың 8 ақпанында Виктор Храпуновқа халықаралық іздеу жарияланды. Қылмыстық іс тергелуде. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жарияланбайды", - деді ол.   Казинформ