«ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАН: ҚАЗІРГІ ЗАМАН ӘДЕБИЕТІНІҢ АНТОЛОГИЯСЫ» кітабының тұсаукесері

БАСПАСӨЗ-ХАБАРЛАМАСЫ     ҚР Ұлттық кітапханасы                                                                          30 маусым  2014 ж.                             Абай даңғылы, 14                                                                                                сағ. 15.00  тұлпар 2014 жылғы 30 маусымда, сағ. 15.00-де ҚР Ұлттық кітапханасының ғимаратында Астана күніне орай үш томдық «ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАН: ҚАЗІРГІ ЗАМАН ӘДЕБИЕТІНІҢ АНТОЛОГИЯСЫ» кітабының тұсаукесері өткізіледі. Бұл іргелі басылым Қазақстан Жазушылар одағы, «Тәржіман – Әдеби аудармашылар одағы» және Ресей Жазушылар одағының қатысуымен дайындалып, үстіміздегі жылдың басында Мәскеуде «Художественная литература» баспасынан жарық көрген еді. Антология шығармаларын іріктеуде, оларды орыс тіліне аударып,  көркем әрі сапалы шығаруда белгілі қазақстандық түркітанушы ғалым, жазушы Немат Келімбетов атындағы Қор үлкен көмек көрсетті. Тәуелсіз Қазақстан кезеңін қамтыған бұл антологияның АЛҒАШҚЫ ТОМЫ -  «ДОМБЫРА МЕН БЕСІК» деп аталып, олтұтастай балалар әдебиетінеарналып отыр. Мұнда ертегілер, жұмбақтар, әңгімелер, повестер - өмірдің ұлы құндылықтары – қайырымдылық, махаббат, аяушылық, адамдарға, туған табиғатқа деген мейірімділік бастауларына үндейді. Қазақстанның түрлі этнос авторларын - бүлдіршіндер мен жасөспірім оқырмандарға деген  шынайы сүйіспеншілік, нәзік қарым-қатынас біріктіреді. Антологияның «ЖУСАН ИІСТІ ЖҰМАҚ ӨЛКЕ» атты ЕКІНШІ ТОМҒА қырықтан астам көрнекті прозашылардың шығармалары енген. Олардың соңғы онжылдықта жазған повестері, әңгімелері, эсселері - көпұлтты Қазақстанның тарихымен,  мәдениетімен,  салт-дәстүрімен таныстыра отырып, адамзат болмысының мәңгілік  мәселелері – махаббат пен азап, даналық пен батырлық, сенім мен сатқындық, жауыздық пен қайырымдылық тақырыптарын арқау етеді. Антологияның «ҒАСЫРЛАРҒА ЖОЛ ТАРТҚАН ЖАҚҰТ ЖЫРЛАР» деп аталатын ҮШІНШІ ТОМЫ түгелдей поэзияға арналған. Томдықта тәуелсіз елдің сексеннен астам ақындарының тамаша өлең-жырлары ұсынылған. Олардың арасында елімізге бұрыннан қоныстанып, Қазақстан туған отанына айналған басқа ұлт өкілдері де жеткілікті. Мұнда ұлттық поэзиямыздың ақсақалдары да, әдебиет есігін жаңадан ашқан талантты жас ақындар да бар. Жинақта поэзияның ежелгі арналары –  табиғат лирикасы, сұлулыққа іңкәрлік, махаббат пен достық жырлары кеңінен таратылады. Өлеңдердің көпшілігі  орыс тіліне алғаш рет аударылып отыр. Тұсаукесер соңында кітаптарға шығармалары енген авторларға немесе олардың мұрагерлеріне, сондай-ақ Алматы қалысының кітапханалары мен БАҚ өкілдеріне томдықтар тарту етіледі. Еліміздің мәдени-рухани өміріндегі бұл айтулы іс-шараға «Художественная литература» баспасының директоры, академик Георгий Пряхин, мемлекет және қоғам қайраткерлері Қайрат Келімбетов, Сұлтан Сартаев, Аманжол Қошанов, Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы, сенатор Нұрлан Оразалин, ақын-жазушылар Бексұлтан Нұржеке, Валерий Михайлов, Мұхтар Шаханов, Дулат Исабеков, Смағұл Елубаев, Любовь Шашкова, Уәлихан Қалижанов, т.б. көптеген зиялы қауым өкілдері қатысады. Байланыс телефоны: 8(727) 267-28-66, 267-28-83.