Ораза, намаз – тоқтықта!!!

4248
25
Бөлісу:

363TKP0GvQ175hCurppR9nbYgHbbN1

«Тән – жан нұрлы болса жөнделмек…»

Шәкәрім

nur.kz ақпараттық порталында жарияланған «Имамдар Оразаны тұта алмайтындарға күніне мың теңге садақа төлеуді ұсынды» атты мақаланы оқып, біраз көмескі ой көңілге ұялады. «Неге?» деген заңды сұрақ туындайды.

Біріншіден, оразаны не үшін ұстайды адамдар? Ораза – ең алдымен тән тазалығы, сосын рухани тазалық. Әр діннің басты қағидасы сенім екені аян. «Ынталы жүрек, шын көңіл, Өзгесі Һаққа жол емес» дейді һәкім Абай. Пенденің бойында Жаратушыға деген риясыз сенім болу керек, одан асқан діннің әсілінде қажеті шамалы. Дін – қоғамды басқаратын алып басқарушы құрал! Кез-келген діннің қалай пайда болуы туралы тарихи деректерді ақтарсаңыздар, белгілі бір мүдденің әрекеті шығады. «Құдайдың барын делелдеу мүмкін емес, бірақ оны жоққа шығаруға болады» деген батыс пәласапасы бар. Біз атеизмдік көзқарастан аулақпыз. Әріден соң, «қазаққа ислам діні қалай келді?» деген сауал қойылу керек. Ислам өркениетіне дейін қазақ тәңіризмді ұстанған еді. Қазіргі таңда тәңіршілдіктің де тамырына балта шауып, оның негіздерін бұрмалап, өз мүддесі үшін үлкен топтар құрып, әрекет етіп жатқандар көп. Исламды да сол бағытта пайдаланатындар өте көп. Өкініштісі халық соларға көбірек сүйенеді. Тәңіршілдік деген таза табиғаттың өзегінен суырылған сенім. Күнге табынған ғұндардың ұрпақтары табиғи болмысын исламға ауыстырса не дейміз?

Мақалаға көшсек. «Отыз күн ауыз бекітіп, ораза ұстауға қауқарсыз жандар «фидия» беруіне болады. Яғни, денсаулығы жоқ адамдар күнбе-күн садақа беріп, парыз өтеуіне мүмкіндік бар. Биылға белгіленген «фидия» көлемі мың теңге» дейді. Бұл туралы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Оңтүстік Қазақстан облысындағы өкілдері арнайы баспасөз жиынында айтыпты. Міне, қызық. Сонда мың теңге дегенді өздері бекіткен боп тұр ғой. Бұл қай діннің негізіне сүйенген бекіту екен. Төлеу керек деп шарт қою исламға жататын әдет болып па? Сөйтеді де, «Ораза ұстауға шамасы келмейтіндер болса, бір міскіннің бір күнде ішетін тамағын беріп тұрсын. Ал, кімде-кім белгіленген мөлшерден артық беріп, қайыр жасаса, ол өзіне жақсы болады. Егер біле білсеңдер, Ораза ұстауларың сендер үшін қайырлы» деп Кұрандағы «фидия» туралы айтылған өсиетті насихаттайды. Жарайды делік. Ал келесі жайтты қалай ұғынсақ? «Дін өкілдері бірінші кезекте денсаулығына байланысты, яғни, дәрігерлердің «күн ұзағына аш жүруге қарсы болған жағдайда», ораза ұстамауына рұқсат дейді. Оның орнына бір мың теңгеден есептей отырып, отыз күнге отыз мың теңге садақа беруіне болады деді.». Ораза дәрігерлер рұқсатына қарамауы керек еді ғой. Әр адамның еркі бар. Әр адам оразаны өзі үшін ұстайды алдымен. Аллаға құлшылық етіп, рухани тазару үшін. Ал «Отыз мың теңге төлеу керек» деп құранда жазылып па сонда? Бір міскіннің құны – отыз мың теңге деп өздері бекітіп отыр. Бұл дін ішінен дін ашқандай ғой. Ораза ұстамасаң айыппұл төле деген секілді. Осындайда, «дін – апиын» деген ұстаным еске түседі.

Ораза тәннің саулығы үшін пайдалы екені даусыз. Бірақ, Шәкәрім дана айтады «Тән – жан нұрлы болса жөнделмек» деп. Алдымен жан таза болу керек. Бұл отырықшы орыстардың «В здоровом теле здоровый дух» деген қасаң қағидасының аузын қисайтатын ұлы өлең жолдары. Жан таза болу үшін адам қош ой ойлау керек. Таза діннің бар асыл діңгегі осындай. Ал, қалғаны қоғамды төстеу үшін ойлап табылған дүниелер. Өз ойым өзімдікі. Имамның сөзіне қарсы шықты деп айып етпес оқырман. Бірақ таза дінді тани білейік, ағайын.

Азамат Тасқараұлы,

qazaquni.kz ұлттық порталының редакторы

 

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

Сайтта 25 пікір жазылған

  1. Қуандық Шамахайұлы 25 Маусым, 2014 13:45 Жауап

    Расында, дінді де бизнеске айналдырып отыр ғой, бұл жерде. Негізі, халықтың дәстүрімен де санасу керек. Ислам діні ең либералды дін. Сондықтан, мұсылманшылықта парызды күштен таңу болмайды. Ораза жеке адамның өз еркіндегі ісі ғой. Парызын түсініп әркім өтей береді.

  2. Алаш 25 Маусым, 2014 13:59 Жауап

    1.Имам сол садақаны менен басқаға берме деп пе?
    2.Ораза ұстай алмаған адамның бір міскінді тойдыруы – дінде бар нәрсе. 1000 тг Сен айтқандай бір міскіннің құны емес.
    3.Ораза дәрігерлер сау жүрген адамға ораза ұстама деп айтпайтын шығар. Науқас адамның ұстамауы Құранда рұқсат етілген нәрсен. Ал, науқастың салмағын айқындайтын тағы дәрігерлер емес пе?

  3. қанат 25 Маусым, 2014 14:01 Жауап

    Әр мұсылман отыз мың теңге төлесе не болды? Имамдар мульти миллионер болып шығады ғой.

  4. құмар 25 Маусым, 2014 14:06 Жауап

    Алаш, мың теңге деп бекіту дұрыс емес! Мәселе сод боп тұр ғой. Нағып ораза ұстағысы келмеген адам отыз мыңын төлеу керек? Бұл бизнес қой. Қуандық аға дұрыс айтады. Ораза жеке адамның өз еркіндегі ісі!!! Алаш, сосын сіз шолақ оқып, шолақ ойлайсыз-ау. Бір міскіннің құны – 1000 теңге деп мақаланың автор айтып тұрған жоқ. Оны имам айтып тұр ғой. Мұқият болсаңызшы.

  5. кемел 25 Маусым, 2014 14:09 Жауап

    Садақаны кімге, қанша көлемде беред ол әр адамның жеке ісі ғой. “Ораза ұстауға шамасы келмейтіндер болса, бір міскіннің бір күнде ішетін тамағын беріп тұрсын. Ал, кімде-кім белгіленген мөлшерден артық беріп, қайыр жасаса, ол өзіне жақсы болады» дейді имам. Дұрыс емес қой бұл. Міскіннің құнын діни басқарма бекітіп отыр ғой сонда. Қай аталарының құнына сүйеніп бекітті екен?!.

  6. наурызбай 25 Маусым, 2014 14:17 Жауап

    Қызық қазіргі молдекеңдер. Айына 30 000 теңге төлеу керек деп ашық айтып отыр ғой имамдар. Мешітте садақадан түскен ақшаны молдалар өзара бөлісіп алатынын елдің бәрі біледі ғой. Молда болу деген жақсы кәсіп қазір. Мешітке салық салынбайды. Сосын адам өлгенде қуанатын осы имамдар ғана ғой. Жаназада бір аллаһпыр айтып, бет сипағаны үшін кемінде 1000 доллар алады да, шайқап жүре береді. Байқасаңыз, қаладағы имамдардың бәрі крутой көлік мінеді.

  7. Мәке Маңғыстау 25 Маусым, 2014 14:53 Жауап

    Алаш, бауырым! Дін жөніндегі сенің деңгейіңде белгілі болды. Підианы кімдер беру керек екені анық жазылған, оқы. Жасы жеткен, қозғалуға халі жоқ қарт, емі жоқ ауру меңдеген сырқос, өлім аузында жатқан пенде ғана підия береді. Қалғандары ұстай алмаған күндерінің қазасын өтеуі тиіс. 30 000 теңгемен Алланың пейілін сатып алуға үндегендердің сауаты күмәнді, байқау керек! Жалпы молданың қызметіне ақы алуы күнә! Дін адамының дүния әурешілігінен аулақ болғаны сауапты!

  8. editor 25 Маусым, 2014 16:04 Жауап

    «Имамдар Оразаны тұта алмайтындарға күніне мың теңге садақа төлеуді ұсынды» атты мақаланы оқып, біраз көмескі ой көңілге ұялады. «Неге?» деген заңды сұрақ туындайды.

  9. Жаркын 25 Маусым, 2014 17:27 Жауап

    Азамат жан таза болуы кеерк бепсің. Имансыз жан тазармайды. Ал имамдардың бекіткені халықтың қазіргі жағдайына қарай отырып келісіп шығарған фатуа деуге де болады. Қарапайым халыққа имамдардан жанашыр осы елде ешкім жоқ екенін ұмытпа. Дінді терең білмейтіндігің тек қана әдеби кітаптардан өзгені оқымағандығың көрініп тұр. Ер азамтсың ғой, азамат ретінде бетіңе айтайын. Біздің ақынсымақтар араққа жұмсай салатын 30 мыңда несіне көпсінесің. Оны да жай айтып отырған жоқпын. Елдің мұңын жамылып жүрміз деген көкеуілердің тапқанын сыраханада тауысып жүргендерін талай көргеміз. Біле білсең садақа беру – жақсылық! Мұнда барлығын имамдарға беріңдер деген жер жоқ. Міскін жағдайсыздарға өзіңде жағдай болса ғана беруге болатынын саналы жан біледі. Енді елдің сенім артып отырған руханияттың өзегіне қара жаққанды қой!

  10. Серікбол Хасан 25 Маусым, 2014 18:02 Жауап

    Шәкәрімнің суреті нағып тұр ана жерде? «Жан – нұрлы болса жөнделмек» деген бір сөзі үшін ғана ма? Онда алдындағы «денең» деген сөзді қосып жазбайсыздар ма?
    Денең жан нұрлы болса өзгермек,
    Өлең әнге өлшеп айтса, өңделмек, қой! Өлең мен ән, дене мен жан сияқты деп тұр емес пе, бауырларым-ау. Өлең күміске баланғанда таза болады дегенді айтқсы келген. Демек, жаның нұрлы болса, денең де жөнделеді.
    Ақыл деген өлшеусіз бір жарық нұр,
    Сол нұрды тән қамы үшін жан жұмсап жүр.
    Тағдырдың қиын, сырлы сиқырымен,
    Жан тәнге, ақыл жанға матаулы тұр, – дейді Шәкәрім қажы.
    Ендеше, неге тән қамы үшін нұр тасыған жанның ақысын бермеске. Ораза деген де осы емес пе?
    Жаның нұрлы болмаса, кінәрат бәлкім тәніңде шығар? Тәнің (күнәға) семірсе, жаның қалай нұрлы болады? «Тән дегенің – жанның құлы» деген қажы ата. Ал қазір жан тәннің құлы болып барады. «Жан билемей, тән билеп, ақылдың соры қайнайды» дегені дән келді Шәкәрімнің.
    «Адамның екі түрлі мақсұты бар, оның бірі тән мақсұты, бірін жан мақсұты дейміз. Қара басының қамын ойлап өзімшілдік, мақтан көксейтін – тән мақсұты» дейді Шәкәрім қажы. Сіздердің мына айтып отырғандарыңыздың осы тән мақсұтынан айырмасы бар ма? Ақылға салыңдар, жігіттер. Ораза қарсаңында, осылай сөйлеуіміз орынды бола ма екен?

  11. Оқырман 25 Маусым, 2014 18:05 Жауап

    Иман дегенді діннен шығаратындар да бар екен ғой. Иман деген адамның ары, ұяты!!! 30 мың төлеу керек деп бекіту дұрыс емес. Руханиятқа қара жаққан Азамат болса, білмеймін онда. Таланттың соңынан, нағыз таланттың соңынан, әрдайым қаңқу сөздер еріп жүреді. Азаматтың аты шулы болса, ол оның өте талантты екенін білдіреді. Ал қаңқу сөзді сен секілді өресі төмендер шығарады. Жалпы құн белгілеу деген әбестік қой. Адам барын беру керек! Менің қалтамда 1000 теңге жоқ, 100 теңге ғана бар мысалы. Мен соны берем. Бермей ақ, намаз оқып, ораза ұстамай ақ кіршіксіз таза күнәсіз адам болып өмір сүруге болады. Азамат ретінде бетіне айтайын деп оттапсың. Бұл енді күлкілі жайт. Бүркеншек атты жамылып, не бетіңмен бетке айтпақсың?)))))) Азаматтай ақынның қасіреті өз заманынан озып туған. Мұндай таланттардың қадірі ертең білінеді!

  12. құдаш 25 Маусым, 2014 18:08 Жауап

    Тән жан нұрлы болса жөнделмек дегенді Азамат дұрыс ашып жазды! Бұл туралы әуелде Тыныштықбек қазақ әдебиетіндегі бір мақаласында ашып жазып кеткен бірақта. Жаның таза болса, тәнің де таза болады деген мағынада ғой!!!

  13. Баха 25 Маусым, 2014 20:19 Жауап

    Негизи арким озине жуктелген нарсемен айналысканы дурыс-ау… Абайдын «бас-басына би болгар» кикымындай елдин сикын бузганнан не утамыз…

  14. Жалын Барак 25 Маусым, 2014 20:23 Жауап

    Жалпы дин жонинде кандай да бир макаланы жазбас бурын дини сауатын болганы дурыс.Имамадар айтты екен деп 30 000 тенгени кай мусылман апарып толер екен? Шынтуайтына келгенде питир садаканы да бермей коятындар да казир жок емес. ал молдалар акшаны оздерине алып алады, анау-мынау деген бос создердин кажети не? Барине бир Алла куа. 30 000 тургай 300 000 мын тенге берсенде журегинде китти болса да иман оты болмаса одан не пайда? Ен бастысы ниетте екенин умытпайык!

  15. Адай 25 Маусым, 2014 22:42 Жауап

    Намазхан Ақберен Азаматқа сын айтпаған ба? Қайсың бар оған сыбырлап жіберсеңдерші.

  16. Ержан Ақбай 26 Маусым, 2014 01:19 Жауап

    дұрыс жағын түсініп қарауға тырысайық жамағат бауырларым… Ораза ұстай алмайтын денсаулығы жарамайтын пенделеріне Шари’ат бойынша күніне садақа тастап болмаса Ораза тұтқан бауыр*қарындастарымызға ауыз ашар жасап сауап алсада болады… Мүмкін қазіргі Заманның нарығына байланысты сомманы бекіткен болу керек… Жоқ жерден ғайбадат айтпайық, мұсылман бауырларым! Бәрі Аллаһтың алдында аян!

  17. Сүгірбай Нұрман 26 Маусым, 2014 03:22 Жауап

    Мен кішкентайымнан әжемнің жанында жатып «дінім исламды» жаттап, жүрегіме сіңдірген жанмын. Алайда ораза ұстап көрмедім,бірақ садақа-пітір беруді жұмыссыз жүргенде де ұмыт қалдырмадым. Мына «30 мың» фідияны еш діни басылым, құран,т.б. оқулық хадистерден кездестірмедім, әр адам жағдайына қарай пітір садақасын берсін. Байлар, мейлі түие берсін, үй сыйласын мешітке, мүмкін ұрлықтарының күнасы азайар, ал қарапайым халық біріксін, бары берсін, сондықтан ораза ұстамадың деп салық салу ар алдында да, Алланың алдында да ұят нәрсе.Бүгін ораза ұстап, ертеңіне арақ ішетіндердің жанында арым таза, пейілім ақ деп есептеймін. Ораза мүбарак болсын, мұсұлман қауым!

  18. серик 30 Маусым, 2014 03:35 Жауап

    Азамат бауырымыз атын шыкпаса жер ортенин кебин киип Казактын асыл динин дариптеп журген Дини баскармага жала жауып отыр гой кудай урып калмасын баска бале тилден.Баягыда биреу создин манине бармай уагыздын есек акырганда дарет бузылады деген жерин естип барине солай жариялап фитна шыгарыпты сойтсе алдында есекпен бирге су кетип калып намазды таямум алып окып турган киси есиктин даусын естисимен су келген сон таямумнын укими журмей намазы бузылган екен.Менин карным ашатын бир жайт осы динге келгенде елдин бари галым бола калатынына налимын неге солай хирургке айтпайсыз ананы кеспе мынаны кес деп неге солай электрикке айтпайсыз ана сымды мына сымга жалга деп а онда улкен авария болуыы мумкин сол сиякты динде де абай болайык халайык оз мамандары бар кудайга шукир билимди бул жайт бурмаланып жазылып отырганына 100% кепилдик берем ертеннен бастап зерттеп карсы жазам менин дини баскармага еш катысым бирак ханафи мазхабын дариптеп журген жалгыз мекемеге тил тигизип карап тура алмайм

  19. Рустем 2 Шілде, 2014 12:59 Жауап

    Осы Азамат Тасқара кезінде марқұм Фариза Оңғарсынованың еркесі еді, енді Қазыбек Исаның «киллері» болыпты ғой… Жап-жас боп атышулы өзінің.

  20. Бекжан 13 Наурыз, 2016 20:32 Жауап

    Оразаны катты устагысы келген адам (устагысы келмегендер емес), устауына денсауылыгы жарамаса фидия отеледы, солай ораза сауабын алады, ол акша имамга емес,

Пікір немесе жауап жазу

9 + сегіз =