Қарағанды қаласының әкімі өз еркімен қызметінен кетті

Қарағанды қаласының әкімі Мейрам Смағұлов пен Қарағанды облысы әкімінің бірінші орынбасары Ғабит Мұхамбетов отставкаға кетуге өтініш білдірді, деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметінен.

"Қарағанды әкімі Мейрам Смағұлов пен облыс әкімінің орынбасары Ғабит Мұхамбетов өз еріктерімен жұмыстан кетуге өтініш берді. ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімімен өтініштер қабылданды", - деді облыс әкімінің баспасөз қызметінде.

Сонымен бірге, өз еркімен облыстық экономика басқармасының басшысы Арман Ахметов қызметінен кетті.

Бұл лауазымды орындарға енді кімнің жайғасатыны әзірге белгісіз.

NUR.KZ

итать полностью:  http://news.nur.kz/kk/318988.html