Қазақстандық әйел тез дайындалатын экспресс-бесбармақ жасап шығарды

Астаналық Әбділда Қажымұратова әлемге әйгілі болған, қарапайым халықтың арасында "қытайдың сорпасы" деп танылған тез әзірленетін кеспеге бәсәке бола алатын өнім жасап шығарды.

Бұл туралы "Экспресс-К" газеті "Беш в ребро" деген мақаласында жазған.

Фото: eda-mira.ru
Фото: eda-mira.ru

Тез әзірленетін кеспеге ыстық су құйғанда дайын болуы үшін ол майға әбден қуырылады. Алайда ол қамырдың құрылымы бесбармаққа келмейді. Оған қоса, майға әбден қуырылған кеспе денсаулыққа да зиянды.

Ал Әбділда жайманы майсыз, әрі сапасы жоғалмайтындай етіп кептірудің әдісін тапты. Бір қызығы бұл әдіспен кеспе жасау мүмкін емес. Ол тек тегіс жайылатын қамырға ғана келеді. Ал әзірленуі дәл солай, ыстық суды құйсаң болғаны дайын болып шыға келеді.

Қажымұратованың сөзіне қарағанда, экспресс-бесбармақ өндірісін іске қосуға дайын инвестор де табылыпты.

ҚазАқпарат