Алматыда оқушыларға бітіру кешін жасауға тыйым салынды

vypusknoy1906 Алматы қаласының білім басқармасы 11-сынып оқушыларына бітіру кешін қоғамдық ортада жасауға тыйым салды. Аталған қаулымен қаладағы оқу орындарының оқушылары мен олардың ата-аналарына мамыр айының ортасында таныстырылған. "Қаулыда белгіленгендей, мұғалімдер мен ата-аналар бітіру кеші деп немесе ұстазға, директорға, мектепке сыйлық жасау мақсатында ақша жинауға тыйым салынады. Ресми түрде белгіленгендей, аттестатты беру рәсімін өткізуге рұқсат берілген. Ал ертесінде "Жас түлекке" қатысу болады. Мерекелік шара бітісімен, сағат 22:00-де балалар ата-аналарына табысталады. Біздің мектептің ата-аналары көңіл көтеретін жерлерде бітіру кешін жасауға болмайтындығы турасында хабардар", - деді №15 лингвистикалық гимназияның директоры Марал Қалиева мәлімдеді. Көтпеген ата-аналар "мейрамханада кеш жасамаймыз",- деп келісімге қол қойды. Бірақ бұл 11-сынып оқушыларының көңілдерін түсіре қоймады. "Мен үшін ең бастысы – жоғары оқу орнына түсу. Ал бітіру кеші екінші кезекте тұр. Бұл жаңалықты естігенде көңілім түспеді. Бар ойым ҰБТ-ны жақсы тапсыруда болды",- деді №2 орта мектептің 11 "А" сынып оқушысы Бағдаулет Мұхтаров. "Бізге бітіру кешін жасамау туралы ескертті. Бірақ біз - республикалық мектеппіз. Біз "Жас түлекке" бармаймыз. Ақша да жинап қойдық. Бітіру кешін жасаймыз",- деді республикалық физика-математика мектебінің 11 "А" сынып оқушысы Мұхамед Тигел. "Мен жасауға болмайтындығын білем. Бірақ мен қатты көңілімен алмадым. Біз бітіру кешіне дайындалмадық та, біз үшін ең бастысы – ҰБТ-ны ойдағыдай тапсыру", - деді №29 орта мектептің оқушысы Айдар Айтмолдин. Білім басқармасы "Қандай себептерге байланысты 11-сынып оқушылары бітіру кешін көңіл көтеретін жерлерде жасауларына болмайды", - деген сұраққа "ешқандай қаулы шықпады, шыққан жағдайда да бұл сұраққа ҚР Білім және ғылым министрлігі жауап береді",- деп жауап қайырды. Ал министрлік аталған сұраққа қалалық басқарманы жауапты етті. Олар тек өтетін күнін анықтайды. Ал қашан және қайда өтетінін қалалық ведомства шешеді. BAQ.KZ