Жамбыл облысында жұрт жаппай алаяқтарға алданып қалды

Bankoboev_Ru_dengi_v_ruke Екі келіншек Сарысу ауданының 70-ке жуық тұрғынына банктен қайтарымсыз несие әпереміз деп, ақыры бәрін қарызға батырып кеткен. Енді сан соғып қалғандар алған ақшаларын қайтара алмай қиналып жүр деп хабарлайды КТК арнасы. "Бұл қандай несие деп едім, қараша, желтоқсан, қаңтар, ақпанда түгелдей бәрі жабылады. Бұл елу де елу, алған несиеңнің жартысын бізге бересің, жарты пайызы сендерге, ол сендерге жақсы пайда емес пе? Оның үстіне инфляция келе жатыр қарыздың бәрі жабылып кетеді деген", - деп сан соғып отыр қазір Жаңатас қаласының тұрғыны Айман Күнболсынова. Осылайша ақшаның бір тиынын қалдырмай өзіміз жауып береміз деген қос келіншек уәдесінде тұрмапты. Екеуінің Тараздағы бес бірдей банкке сөздері өтетіні сонша, қарызың болса да оп-оңай несие алып береді екен. Әзірге оңай олжаға кенелеміз деп, опық жеген 17 кісіден құзырлы орындарға шағым түскен. Қазір екеуіне қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүріп жатыр. Ал кінәлі саналатын әйелдің бірі өзін ақтап, серіктесін айыптап әлекке түсуде. Айтуынша, ол делдалдық қызметіне ғана әр адамнан бес мың теңгеден алыпты. nur.kz