Павлодарлық түлек жалқаулар үшін қоқысты сұрыптайтын құрылғы ойлап тапты

ka2oyfmhs Павлодарлық түлек Айбек Рахым достары Айдар Тайлақов пен Нұрсұлтан Қапсаттаровтың көмегімен тұрмыстық қалдықтарды тікелей қоқыс салғышта сұрыптаудың тәсілін тапты, деп жазады megapolis.kz. Құрылғы саптамасы бар, ол қоқыс салғышқа бекітіледі. Конструкцияның бір жағында желдеткіш, қарсы жағында қоқысты жинайтын қап орнатылған. "Қоқыс тастағышқа келген адам оның қақпағын ашқан кезде арнайы орнатылған төменгі жақтағы тетіктің көмегімен желдеткіш қосылады, - деп түсіндірді Айбек. - Желдің әсерінен барлық жеңіл қоқыс: қағаз, целлофан қоқыс жинайтын қапқа түседі. Ал барлық ауыр оқыс құрылғыдағы саңылау арқылы қарапайым контейнерге түседі. Сонымен бірге қоқыс салғышқа қоқыс қапшықтарын кесіп, қалдықтарды өзінен-өзі сұрыптайтын пышақ орнатылмақ. Сондай-ақ түрлі металл қалдықтарын сұрыптау мүмкіндігі де қарастырылған. Саңылаудың шеттері арқылы ауыр қоқыс магнит орнатылған контейнерге түседі. Оларға металдан қалдықтарды алып қалу міндеті қойылған". Павлодар мемлекеттік университетінің ғалымдарының көмегімен Айбек ойлап шығарған құрылғысына патент алған, сондай-ақ Білім министрлігіне грант алу үшін өтінім беріп қойыпты. Жас ғалым бұл құрылғыны өз шағынауданында орнатып көрмек. Айта кетейік, Айбек Рахым биылғы жылы Байқоңырда өткен халықаралық олимпиадада 3-орын алып, ҰБТ тапсырудан босатылған болатын. "КазИнформ" АА