ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫ-2014: Колумбия Грекия құрамасын ойсырата жеңіп, алаңда би билеп берді

20140615002446Кеше Бразилияда футболдан Әлем чемпионатының топтық кезең аясында Колумбия құрамасы Грекиямен кездесу өткiздi. 

Бұл текетiресте Колумбия гректердi 3:0 есебiмен тiзе бүктiрдi.

Матчтың бас кезiнде (6-минут) колумбиялықтар Пабло Армероның көмегiмен алға шықты. Екiншi таймда Теофило Гутьерес ойынның 58-минутында есептi еселеттi. Грекия футболшылары қарсыластар қақпасына лап қойғанымен ойында нәтижеге қол жеткiзе алмады. Керiсiнше, ойын аяқталар шақта (90+3 минут) "Монако" клубында өнер көрсетiп жүрген Хамес Родригес үшiншi голдың авторы атанды. Колумбия құрамасы атақты Фалькаосыз-ақ тамаша ойын өрнегiн көрсете алатындықтарын дәлелдедi. Колумбиялық спортшылар мұндай жеңісінен кейін қуаныштан алаңда би де билеп берді. Бiрер сағаттардан кейiн Уругвай мен Коста-Рика (KazSport пен "Қазақстан") жекпе-жегi өтедi. Ал Астана уақыты бойынша 04:00 сағатта Англия мен Италия ("Еуразия"), 06:15 сағатта Кот-Д'Ивуар мен Жапония құрамаларының матчтары болады.

Қазақпарат