Ұлы Абайдың шөбересі дүниеден өтті...

36(19) Шығыс Қазақстанда Абайдың шөбересі Ишағы Жағыпарқызы 92 жасында қайтыс болды. Марқұмның туыстарының хабарлауынша, Ишағы Жағыпарқызы Шығыс Қазақстан облысындағы Ақшоқы ауылына жерленеді. Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан Ишағы Жағыпарқызы - Абай әулеті жайлы естеліктер мен деректерді жеткізген адамдардың бірі. Ишағы апа Абайдың Ділдадан туған ұлы Мағауиядан тарайды. Мағауияның ұлы Жағыпардың қызы. Қазаға қайғырып, "Қазақ Үні" ЖШС ұжымы бар қазаққа, марқұмның жақындарына көңіл айтады. NUR.KZ