Алматыда қасиетті зәмзәм суы сатылады

zam-zam-water-arsenic-300x225Сонау Мекке шаһарынан ғана шығатын қасиетті зәмзәм суы елімізде кеңінен сатылуда. Алайда дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы қасиетін мойындаған суға әркімнің қолы жете бермейді. Ал көзін тапқандар суды тасымалдап, пайда табуда.

Орталық мешіттің дүңгіршегінде 1 литрі - 1800 теңге болса, Орбита ықшам ауданындағы мешіт дүңгіршегінде 1200 теңге екен. Қасиетті судың сатылуына ешкім де шектеу қоймайды. Тек көпшілік зәмзәмнің бағасын қалтамыз көтермейді дейді.2004 жылы америкалық ғалымдар зәмзәм суының құрамын тексеріп, бұны әлемдегі ең таза, ең шипалы су деп анықтама берген. Сол уақыттан бері қиырдағы америкалықтардың зәмзәм суына деген қызығушылығы артты. Зәмзәм суының қасиетіне шек келтірмейміз. Өзін мұсылман санаған әр пенде осы судан бір жұтуды аңсайды. Тек Мекке шаһарынан шығатынын ескерсек, аталған суды тасымалдап пайда табуды кәсіп етушілер саны көбейген. Алайда бағасы қарапайым жұртқа қолжетімсіз. "Ашыққаннан құныққан жаман" дейді қазақ. Құнығып кетуден сақ болу керек. Шынында да қолы жете алмай жатқан кісілерге алып келіп, қолжетімді бағаға беріп жатса, ол сауабын да істейді, өзінің нәпақасын да табады. Ешкімде жоқ екенін біліп тұрып, аспандағы баға айтып жатса, ол дұрыс емес", - дейді Алматы қаласы орталық мешітінің наиб имамы Оралхан Рахматбекұлы.

"Енді ол зәмзәм суы болғаннан кейін ұзақтан келіп отыр ғой, дұрыс шығар бағасы", "Әркімнің қалтасы көтермейді ғой оны 1200 теңге болса. Арзан болса, аласың ғой", - дейді қала тұрғындары. Сатушының айтуынша, суды оларға әкеп береді, оған деген сұраныс бар. "Көп тұрмайды. Тез өтіп кетеді", - дейді ол. Демек, сұраныс болса, тұтынушы да көп деген сөз. Ал зәмзәм суының құрамында, басқа суларға қарағанда өте аз мөлшерде күкірт бар және адамға көбірек пайдалы минаралды заттар бар. Аш адам ішсе тояды, шөлдеген адам ішсе шөлі қанады.

31 арна