Контактілі линза тағу - денсаулыққа өте қауіпті

 79390567_1Дәрігерлер контактілі линзаны күніне 8 сағаттан артық тағуға бомайтынын ескертеді. Алайда, кей адамдар мамандардың бұл кеңесіне құлақ аспай, линзаны тәулік бойы тағып жүруді әдетке айналдырған.  Мамандардың кеңесін ескермегендердің бірі - 33 жастағы модельер Эйми Мак-Уильямс. Ол контактілі линзаны күніне 8 сағат емес, 14 сағат бойына тағып жүрген. Сәл болмағанда келіншек көз жанарынан айырылып қалатын еді. Көздің мүйізгек қабығы – оттегіні қаннан емес, ауадан алады. Ал линзаны ұзақ уақыт таққан адамның көзіне оттегі жетіспейді. Мұның адамға тигізіп жатқан кері әсерін дәрігерден өзге ешкім анықтай алмайды. Дәрігерлердің өзі линзаның зиянын арнайы микроскоптың көмегімен ғана біле алады. Көздің мүйізгек қабығына ауа жетіспегендіктен, адам ағзасы өздігімен күресе бастайды, деп жазады Росбалт. Нәтижесінде, көздің мүйізгек қабығында қан тамырлары пайда болады. Бұл тамырлар адамның көру қабілетін бірте-бірте төмендетеді. Сондықтан, көз жанарыңыздан айырылып қалғыңыз келмесе, линзаны күніне 8 сағаттан артық тақпаңыз.

bnews.kz