Қызметкерлерін «қамшылаған» подполковник сотталды

832
1
Бөлісу:

1371380058_4343
Қордай аудандық ішкі істер бөлімі басшысының орынбасары болып қызмет еткен полиция подполковнигі Әбілхан Өтебаевқа қатысты үкім шығарды.
Ол өзінің қол астындағыларға күш қолданып, оқ атқаны үшін 6 жылға дейін бас бостандығынан айырылды, деп жазады «Время» газеті.
Жеке құрамның полиция подполковнигі тәрбиелеу құралдары ретінде орындықтың аяғын, таяқты, қамшыны және пневматикалық тапаншаны қолданған. Өзінің бұл әрекеттері үшін полиция қызметкері сот алдында жауап берді.
Оның ісін сотқа бұрынғы лауазымды тұлғаны ҚР ҚК 308 бабының 4 тармағы «күш көрсету мен қару қолдану арқылы қызметтік өкілеттіліктерін асыра пайдалану» бойынша айыптаған Жамбыл облыстық прокуратурасының арнайы прокурорлар басқармасы бағыттаған.
Сот процесі барысында Өтебаев өз айыбын қанша жоққа шығарса да, сот оның айбын дәлелденген деп санады.
«Менің бұл үкімге көңілім толады, – дейді зардап шегуші, Қордай аудандық ІІБ бұрынғы учаскелік инспекторы Ернұр Мәлдеханов. – Қазір ол аудандық ІІБ-де жұмыс істемесем де, бұдан кейін ол жерде әлімжеттікке жол берілмейді деп ойлаймын».

NUR.KZ

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

1 пікір жазылған

  1. шаншар 5 Маусым, 2014 14:02 Жауап

    Әпербақан адамды қай антұрған басшылыққа қояды екен…Лауазым сатулы екенін ұмытыппын…

Пікір немесе жауап жазу

17 − 9 =