Атыраулықтар Ресей туын желбіретпеді!

imgpreview0H3M815J Атырау тұрғындары гастрольдік сапармен келген цирк басшылығынан өзге елдің туын ауыстыруды талап етті. Нәтижесінде, ресейлік цирк өз шатырынан үш түсті байрақты алып тастады. Санкт-Петербург қаласынан келген өнер ұжымы шатырға Ресей Федерациясының үш бірдей туын тіккен. Балаларына билет алуға келген қала тұрғындары мұны көріп, реніштерін жасырмады. Ал Атырауға бір аптаға сапарлаған цирк басшылығы болса, бұған дейін ортада Қазақстан туының ілінгенін айтады. Қазақ елінің туын түсіріп тастауды өтінген әкімдіктегілердің өздері дейді. Жергілікті билік тарапы болса, ауа-райына байланысты мемлекеттік рәміздерге зақым келеді деген қауіппен үш туды да алып тастауды ұсынғанын айтады. Дау болған тулар кеше цирк төбесінен мүлдем алып тасталынды. "Бастапқыда сіздің ту ортасында, біздің ту екі жағында тұрды. Маған бүгін үйымдастырушы телефон соғып, әкімдік қазақстандық туды алып тастау керек деп хабарласты деді. Неге екенін білмеймін. Қай жерде өнер көрсетсек те, сол елдің туы ортаға ілеміз. Ешқандай проблема болған емес", - дейді цирк директоры Руслан Мишень. Ал Атырау облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Әсия Қыстаубаеваның айтуынша, қалалық әкімдік пен субъект басшысы бір бірін түсінбеушіліктен олар ҚР туын алып тастап, орнына РФ туын іліп қойған. NUR.KZ