"Атамандарды" жұмсаған директор!..

b3c3d4ca6dc0ee65ad141e4b450acd84 Оңтүстік Қазақстан облысының Кентау қаласында "атамандарды" жұмсап отырған мектеп директоры жұмыстан босатылды. Прокурорлардың хабарлауынша, Кентау қаласындағы мектеп-интернаттың директоры тәртібі нашар балаларды тәрбиелеуге сондағы "атамандарды" жұмсап отырған. Осыған байланысты директор прокурорлар тексерісінен кейін жұмыстан босатылды. "Мектеп-интернаттың директоры ішкі тәртіпті сақтау мақсатында балалар арасындағы бейресми көшбасшылардың заңсыз әрекетін қолдап келген. Мектеп "атамандары" сабаққа бармай, өз еркімен мектеп аумағынан тыс жерге шығып жүретіні анықталды. Оған қоса, олар мектеп ғимаратында төбелеске бейім итті ұстаған", - дейді прокурорлар. Сонымен бірге тәрбиеленушілер жататын бөлмеде жасына және жынысына қарай бөлек жатқызу талаптары сақталмай келгені анық болды. Тіпті, тәрбиеленушілердің жүгенсіз кеткені сонша, полиция қызметкерлеріне мойынсынбай, дене жарақатын салған дерек тіркелген. Bnews.kz.