Биыл ҰБТ-ға 92 077 түлек қатысады

Фото-с-сайта-klenlist.kz_Маусымның 2-сінен бастап Қазақстан мектептерінің түлектері Ұлттық бірыңғай тестілеуді тапсыруға кіріседі, - деп хабарлайды Baq.kz тілшісі ҚР БҒМ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

ҰБТ еліміздің түкпір-түкпірінде орналасқан 155 пункте өтеді, оған 92 077 түлек қатыспақшы.

ҰБТ-ның бірінші күні 61 ҰБТ орындарында 27 670 түлек бағын сынайтын болады.

Айта кетейік, Астана қаласында ҰБТ Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде, С. Сейфуллин атындағы агротехникалық университет және Қазақ гуманитарлық заң университетінің негізінде өтеді.

baq.kz