«Астана-Есіл» бағытында пойызы сапарға шығады

1301
0
Бөлісу:

2014 жылғы 1 маусымнан бастап жазғы маусымға «Астана-Есіл» бағытындағы №6915/6916 жаңа жоғары жайлылыққа ие қала маңы пойызы сапарға шығады.

b916c9285b9f

Аталмыш құрам Астанадан жұма, сенбі, жексенбі күндері, Есілден сенбі, жексенбі, дүйсенбі күндері аттанып, аптасына үш мәрте қатынайды.

Пойыз Астанадан 16 сағат 35 минутта шықса, Есілге 23 сағат 24 минутта келеді, өз кезегінде Есілден 05 сағат 20 минутта шығып, Астанаға 11 сағат 55 минутта жетеді.

Айта кетер жайт, пойыз жолдағы барлық стансаларға аялдайды. Құрамда жолаушылар тасымалдауға арналған 6 вагон мен дизель-генераторлық құрылғысы бар 1 вагон бар. Астанадан Есілге дейінгі жол жүру құны 1680 теңге.

Жолаушыларға арналған әр вагон кресломен және столмен, ақпараттық тақтамен, ауа баптау, радио тарату жүйелерімен, теледидарлармен қамтамасыз етілген, деп хабарлайды «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі.

http://baq.kz/kk/news/47843

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

Пікір немесе жауап жазу

1 × 4 =