Қарағандыда қызының қазасын көтере алмаған ана көпірден секірді

mama-spry-gnuvshaya-s-mosta-150x150Қарағанды облысында осыдан екі апта бұрын көпірден секіріп мерт болған оқушының анасы да сол көпірден секіріп кетті.

Бірақ, жақын маңда жүрген полицейлер шалт қимылдап, күйіктен өзіне қол салмақ болған әйелді құтқарып қалған, деп хабарлайды КТК арнасы.

Естеріңізге салсақ, 9-шы мамыр күні мерекелік шеруден кейін, 14 жастағы Камила Ысқақова көпірден секіріп мерт болған еді. Қызының қазасынан кейін қабақ ашпаған 39 жастағы Гаухардың туыстары ол жайлы суыт хабарды кешке естіген. Сөйтсе, араққа сылқия тойып алған келіншек тура сол жерден суға секіріпті.

Маңайда жүрген электриктер шұғыл полиция шақырып, суға тұншыққан Гаухарды 3 полицей жабылып жүріп жағаға шығарған. Қазір бәлендей жарақат алмаса да, бойындағы ішімдіктің уыты тарай қоймаған әйел психиатриалық ауруханаға жатқызылды. Есін жиғанда жібереміз депті.

Ал Гаухардың туыстары күйікке шыдамаған ананың өзіне қол жұмсауына газет беттеріне жарияланған мақалалар түрткі болды дейді.

"Жазыпты, шешесі 10 жыл отырып келген деп. Газеттен соны оқып көңілі түсіп кетті. Менің отырып келгенімде не шатағы не бұлардың деп. Ал отырып келсем қызымның артынан өле қалайын деген да", - дейді Ғайнижамал Ысқақова.

КТК арнасы