Қытай Қазақстанға 10 млрд доллар инвестиция құяды

photo_5183Қытайдың ірі компаниялары Қазақстан экономикасына инвестиция құюға ниетті. Қытай кәсіпкерлері қазақстандық әріптестерімен көмір, химия, ай-ти технология және авиация өнеркәсібін дамытуды қолға алады. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қытай халық республикасына ресми сапары барысында бірқатар уағдаластықтарға қол жеткізілді. Қытайдан Қазақстанға инвестицияланатын қаржы көлемі 10 миллиард доллардан асады. Қазақстан мен Қытайдың қарым-қатынасы жаңа серпін алды. Жаңа бағыттар мен тың жобалар бастау алып жатыр. Тынық мұхитындағы Ляньюньган портында қазақстандық логистикалық терминал құрылысы басталмақ. Кеше Қазақстан басшысы Нұрсұлтан Назарбаев пен Қытай Халық республикасының төрағасы Си Цзиньпинь алып құрылысқа түрен салды. Тынық мұхитқа жол ашар кемежай Президентіміздің Қытайға ресми сапары шеңберінде жасаған жалғыз келісімі емес. "Цинхуа" корпорациясы басқармасының төрағасы Хо Цинхуамен кездесу барысында Нұрсұлтан Назарбаев Қарағандыдағы көмір өңдеу саласындағы бірлескен жобаларды орындау мәселесін де қозғап, қарсы тараптың қызығушылығын оятты. "Қазіргі дүниедегеі алмағайып жағдайда, экономикалық тұрақсыздық жағдайында, қаржы жүйесінің жабықтығы жағдайында Қытай халық республикасы біз үшін өте қажет және пайдалы әріптес болып отыр. Осы кездесу барысында көп нәтижелерге қол жеткіздік деп айтуға болады", - деді Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев.

Өткен кездесулерде біздің Қазақстанға Қытай халық республикасының инвестициясы 10 миллиард долларға жететін болса, қазіргі қол қойылған келіссөздер салынып біткен және салынатын біріккен өндіріс мекемелері Қазақстан мен Қытай компаниялар арасындағы 20 миллиард долларды құрайтын болады.

Таяуда Қызақстан - Қытай елдерінің бірлесе құрастырған шағын жолаушылар ұшағына мінуіміз ғажап емес. Қытайлық AVIC авиациялық өнеркәсібі корпорациясының президентімен кездесу барысында Нұрсұлтан Назарбаев бірлесе отырып, авиациялық өнеркәсіпті дамыту жайын қарастырды. AVIC корпорациясы басшысының айтуынша, аталмыш келісімге осы жылдың күзінде қол қойылуы мүмкін. "Біз шағын ұшақтар өндірісін жолға қоюды ұсынамыз. Олар 9-12 орындық шағын жолаушылар ұшағы және ауыл шаруашылығы мақсатында қолданылатын көлік. Олар қазір сертификациядан өтті. Қазақстандық тасымалдаушылары мен ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілері үшін таптырмас көлік. Ал Хуавэй телекоммуникациялық корпорациясы ЭКСПО 2017 көрмесін өткізуге қол ұшын береуге әзір", - деді AVIC INTL компаниясы президенті У Гуаньцюань. Компанияның директорлар кеңесінің төрайымы Сунья Фан ханым жоғары технология саласында, атап айтсақ мобильді интернет жүйесімен қамтамассыз етуге дайын екендерін жеткізді. Осы жылдың соңына дейін Қазақстан территориясында ЛТЕ жүйесі қызмет атқарады. "Интернет қызметін ұсынуда біздің компаниямыздың тәжірибесі орасан. Біз Қазақтелекоммен тығыз қарым-қатынастамыз. Миллионға жуық қонақ келетін ЭКСПО 2017 қарсаңында сапалы, ұшқыр интернет қызметін көрсету мәселесі өте өзекті", - деді "HUAWEI" компаниясы директорлар кеңесі төрайымы Сунья Фан. Кейін президент Синьхуа агенттігінің сайты арқылы Қытай халқымен онлайн тілдесті. Қытай жұрты Қазақстан басшысын сан қилы сұрақтардың астына алды. Екі жақты ынтымақтастықтан бастап, жеке өміріне дейін қызықты. Айта өтейік, бүгін Шанхайда "Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесінің" 4-ші саммиті өтеді. Негізгі баяндамаларын Елбасы осы кеңесте жасайды. Қытай БАҚ аталмыш самитті Азия конитинентіндегі ең негізгі саяси шара деп бағалап отыр. "Астана" телеарнасы