Назарбаев әлемдік "Жібек жолы" сыйлығымен марапатталды

photo_5183Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қытайға барған сапарында әлемдік "Жібек жолы" сыйлығымен марапатталды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz сайтының арнаулы тілшісі Шанхай қаласынан.

Бұл сыйлықпен Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпинмен кездесу қортындысында марапатталды. Елбасымызға бұл марапат екі ел арасындағы достық пен сенімді нығайтып, Жібек жолы рухын асқақтатып, әлемдік саясатта сәтті қадамдар жасап және басқа да мемлекеттермен, ұйымдармен бірлесе отырып атқарған кешенді жұмысы үшін беріліп отыр.

Естеріңізге салай кетейік, Қазақстан Президентінің бұл сапары барысында мұнай-газ сферасы мен инвестиция салаларына бағытталған 5 бірдей маңызды құжатқа қол қойылған болатын. Сондай-ақ, осы сапар аясында екі ел басшылары Ляньюньгандағы тынықмұхиты бортындағы логистикалық терминалдың құрлысын бастауға ресми пәрмен берді.

tengrinews.kz