Қытай бизнесмендері Қарағанды облысында көмірді қайта өңдейтін кәсіпорын салады

Бөлісу:

143

Қытайдың «Цинхуа» («China Kingho Energy Group») корпорациясы Қарағанды облысында көмірді қайта өңдеу және одан синтетикалық сұйық отын өндіру бойынша өнеркәсіптік кәсіпорын құратын болады.

 Бұл туралы ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесуінен кейін аталған компанияның Шыңжаң филиалының жетекшісі Сюй Чжун мәлім етті.

«Біздер үшін Президент мырзаның кестесінің тығыздығына қарамастан делегациямызды қабылдауы зор мәртебе. 2013 жылдың қыркүйегінде біз қазақстандық серіктестермен Қарағанды облысында көмірді кешенді қайта өңдеу саласындағы ынтымақтастық бойынша өзара түсіністік туралы меморандум жасасқан едік. Біз бұл бағыттағы жұмыстарды бастап та кеттік», – деді ол.

Оның атап өтуінше, Қазақстан көшбасшысы аталған инновациялық әрі экологиялық тұрғыда таза жобаға зор баға берген.

Айта кетерлігі, кәсіпорын бензин, дизель отыны, электр энергиясы және қосылған құны жоғары сан түрлі химиялық өнімдер шығаратын болады. «Цинхуа» корпорациясының алдын ала бағалауынша, кәсіпорынға құйылатын инвестициясының жалпы сомасы 2 млрд. долларды құрайды.

Қазақстандық сарапшылардың пайымынша, аталған жоба Қазақстанның энергия теңгерімі мен экологиясы үшін серпінді мәнге ие. Бұдан бөлек, жобаның арқасында қазақстандық ғылым дамып, көмір химиясы өнеркәсібіндегі отандық инновациялық әзірлемелер жүзеге асырылатын болады.

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

Пікір немесе жауап жазу

10 + 6 =