МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДЕ "ЖАППАЙ ДИКТАНТ" ЖАЗУ шарасын өткізу қажет!

memlekettik til

«Ақ жол» партиясы  «Жаппай диктанттың»биылғы жылғы тақырыбы етіп, «Мәңгілік ел» ұлттық идеясын  ұсынады

«Ақ жол» партиясының Парламенттік фракциясы Үкіметті ел азаматтарын жазу сауаттылығын арттыруға ынталандыру үшін жаппай диктант жазу акциясын өткізуді ұйымдастыруға ықпал етуге шақырды

«Ақ жол» партиясының Парламенттік фракциясы Үкіметті ел азаматтарын жазу сауаттылығын арттыруға ынталандыру үшін жаппай диктант жазу акциясын өткізуге ықпал етуге шақырды – бұл туралы 14 мамыр күні ҚР Парламенті Мәжілісінің пленарлық отырысында фракция атынан депутат Алмас Тұртаев мәлімдеді. «Жазу сауаттылығы, ойымызды өз деңгейінде жазып жеткізу - күнделікті өмірдегі маңызды құрал және азаматтарымыздың интелектуалды деңгейінің көрсеткіші», - деп атап көрсетілген Премьер-Министрге жолданған депутаттық сауалда. Адамдардың қаншалықты сауатты екендіктерін байқап, білімін одан әрі жетілдіруге деген ынтасын күшейтуге бағытталған Халықаралық «Жаппай диктант» жазу шарасы бір мезгілде әлемнің 45 елінде нәтижелі өткізіліп келеді. Әсіресе, мұндай акциялар Польшада, Францияда, Украина, Қытайда, АҚШ-да  кең тараған. Белоруссияда 2007 жылдан бастап, 21 ақпан - Халықаралық ана тілі күнінде мемлекеттік тілінде жалпы ұлттық диктант жазу дәстүрі қалыптасқан. Жаппай диктант жазу 2010 жылы ең үздік Ресейлік қоғамдық жоба ретінде танылып, қоғамдық байланыстарды дамыту саласындағы ұлттық сыйлықты иеленген. Сондай-ақ, мұнда әртүрлі ұлттардың тілдерінде  жалпы ұлттық диктанттар өтіп тұрады. Жаппай диктант жазу – бұл сауаттылық мәселесіне және сауатты хат жазу мәдениетіне назар аударуға шақыратын жыл сайынғы білім акциясы. Акцияның мәні – тілек білдірушілердің барлығына бірдей өз еркімен  диктант жазғызу. Мақсаты – адамдарды олардың қаншалықты сауатты екені туралы ойландыру және сол сауаттылықты арттыру үшін ынталандыру. Осындай акцияны өткізу, тілдің дамуы мен қызмет етуі бойынша өзекті мемлекеттік жобаны жүзеге асыратын шешімдердің бірі болып табылар еді. mangilik-el «Ақ жол» партиясы еліміздің Мемлекеттік тілінде  шығарма ретінде жазылатын «Жаппай диктанттың» биылғы жылғы тақырыбы етіп, «Мәңгілік ел» ұлттық идеясын алуды ұсынады. Ақжолдықтар бұл акцияның Отан сүйгіштікке тәрбиелеудің элементтерінің бірі және әрбір азаматтың өзіне пайдалы, болашағына қажет болатынына сенімді. Сондықтан да аталған шараны қалаларда, ірі елді мекендерде, барлық деңгейдегі оқу орындарында жауаптыларды бекітіп, қажетті құралдармен қамтамасыз ете отырып мемлекеттік деңгейде ұйымдастыру қажет деп санайды. «Ақ жол» ҚДП баспасөз қызметі.                                                                                                                                                                                                                                                                                15 мамыр 2014 жыл. www.qazaquni.kz