"Байқоңырдан" ұшқан тағы бір "Протон" апатқа ұшырады

proton_12547Бейсенбіден жұмаға қараған түні "Байқоңыр" ғарыш айлағынан ұшырылған "Протон-М" зымыран тасығышы Алтайға немесе Тынық мұхитына құлауы мүмкін деп хабарлайды РИА Новости.

Бұған дейін Хруничев атындағы орталық "Экспресс-АМ4Р" байланыс спутнигін ғарышқа алып шықпақ болған "Протонның" ұшқаннан 540-шы секундта апатқа ұшырағанын хабарлаған.

Орталықтағылар зымыранның Қазақстан аумағынан тысқары жерде құлағанын айтып отыр. Тіпті, оның бөлшектері орбитада қалып қоюы да мүмкін дейді мамандар.

Ал, бакта болған жанармай атмосферада толықтай жанып кеткен.

Ресейлік мамандар жақын арада арнайы комиссия құрылып, оқиғаның мән-жайын анықтайтынын мәлімдеді.

Естеріңізге салайық, Астана уақытымен 3.42-де Байқоңыр ғарыш айлағынан "Экспресс-АМ4Р" байланыс спутнигін ғарышқа шығармақ болған "Протон-М" зымыран тасығышы ұшырылған болатын.

Baq.kz