Құрдымға бет алған Еуропа

photo_4840Еркектен әйелге азған Кончита Вурстқа құрдымға бет алған Еуропа жұртшылығы өздеріндегі ең беделді ән байқауының бас жүлдесін алып беруі құдай қарғаған азғындықты жақтаушылар мен даттаушылардың ара-жігін бұрынғыдан да айқындай түсті.

Әлем үлкен таңдау алдында. Мемлекеттік ұстанымдарының өзі азғындықтың шырқау шегіне жетіп қалған Батыстың адамгершіліктің айдынына атқан кезекті кесегі «еркек қатын» болды.

Бұл ешқандай да кездейсоқтық емес. Еттен өтіп, сүйекке жетткен зұлымдық. Тоқсаныншы жылдары көпшілік отырған жерде айтуға ар саналатын «гей», «лесбианка» деген терминдеріңіз бүгінде басты жаңалықтардың тақырыбы.

Бұл біздің мылтықсыз майданындағы ең үлкен жеңілісіміз екені белгілі. Батыстың ақпараттық экспанциясына дер кезінде тиісінше қарсылық көрсете алмаған әлсіздігімізден болды. Алдымен құлағымызды, сосын көзімізді үйретті. Енді етіміз өліп барады. Қатындар бір-біріне үйленіп еді, алақайлап суреттерін жариялап, «махаббаттарын» бүкіл әлемге паш еттік. Бұл азғындық деп заңмен тиым сала алмадық. «Неге осылай болдық?» деген сұрақ мазаламай тұрмайды. Жауабын да тапқандаймыз. Иә, батыстың пиғылы белгілі. Бірақ олардың ниеттері өз ішімізде қолдаушылар болмаса жүзеге аспас еді. Мәселе, өзімізден шыққан сұржыландардың уытында болып тұр.

Мына «еркек қатын» әншіге қатысты бізде тағы қоғамдық пікір екіге жарылды. Ата-бабасынан мұсылманшылықты ұстанған, азғындықтың кез келген түрімен ымырасыз күресіп, шариғат пен дәстүрге сай тиым салып келген қазақ қоғамы бүгін осылай екі бөлінді.

Олай болмауы тиіс еді ғой? Адами құндылықтарды құрмет тұтатын қазақ қауымы мұндай адамзатқа қарсы жасалған қиянатқа тұтас қарсылық танытуы керек емес пе еді.

Жастар... Оң-солын толық танымаған, батыстың ұятсыз ұстанымдарын талғаусыз қабылдап жүрген олар Кончитаға кәдімгідей жылыұшырап жатыр. «Оның сыртқы түрінде тұрған ештеме жоқ, бас жүлдені әдемі әні, ерекше дауысы үшін алды ғой. Сол үшін оны сыйлауымыз керек» деп езіліп отырғандар көп. «Бас жүлде алған екен – ендеше әні де, дауысы да керемет болғаны». Бұл құлдық сананың айқын бір көрінісі. Қайта түлеуді, қайта жаңғыруды бастан өткеріп жатқан біз құлдық санадан әлі толық арылмағанымызды көрсетеді.

Мұндайда батыстың долларына семіріп, дұшпанның сойылын соғып отырған жоғарыда айтқан сұржыландардың ысылы тіпті күшейіп кетеді екен. Өкінішке орай жыланның ысқырығын  әдемі әуен деп қабылдап жатқандар бар. Өйткені жастар жағы бұл жыландарды кумир санайды, былайғы жұрт көргені көп, түйгені бар білімді азаматтар деп ойлайды.

Рас, білімді, оқыған, ел-жер көрген. Бірақ жүректері зұлымдыққа толған залым. Сол залымның бірі Кончитаны қазаққа сүйкімді етіп көрсету үшін әдемілеп әспеттеген екен. Даттаушылардың бірінің есіне жаныстық теңдікті салып, біріне жыртық теске күле алмайтынын ескертіпті. Ал ең сорақысы, Кончитаның азғындығын Ислам шариғаты мақұлдайды деген пәтуа шығарып тастаған екен. Оның айтуынша, бұрынғы өткен мүміндер мұндайларға төзімділікпен қарап, тіпті жамағатта «орта сапта» тұрып намаз оқыпты-мыс. Залымның жазғанына қарасаң, бұл мұсылмандар үшін қарапайым құбылыс, шошынатын дүние емес көрінеді.

Ей, залым, сен бұлай тантыма. Ислам ғалымдары қоғамда жынысы белгісіз болып ауытқушылықпен туылған адамдар болса, оларға қатысты ұстаным осындай болу керек деген пәтуа шығарғаны рас. Бірақ бұл мұндай адамдар көп болған дегенді білдірмейді. Рас, болған. Некен-саяқ. Ислам ғұламалары мұндай адамдар тиым салынған уақытта (мысалы, әйелдің етеккірі кезінде) жақындасқаннан дүниеге келетінін де ескерткен. Және ғалымдардың пәтуасы мұсылман болып дүниеге келген адамдарға ғана арналған.

Залым, сенің кәпір Кончитаңның азғындығы бұл пәтуамен ақталмайды. Оның жаратылысында мін жоқ. Еркектен әйелге азуға құмартқан өзі. Бұлар азғындар. Жаратқанның қаһарына ұшырап аспаннан жауған отпен азапталған қауымның ізбасарлары. Ал сен оларды – бүкіл қызтекелер мен еркекшораларды шариғат үкімімен ақтап алғың келеді. Бұл қулығыңа құрық бойламай, зұлымдығың жүзеге асса, халыққа қанша қасірет алып келетініңді болжау қиын емес. Сондықтан сендейлердің танауларыңды тасқа соғып, өтіріктеріңнің артын ашу сауап іс деп санаймыз. Ендеше, залым, сен көп тантыма.

Әлиәбу КЕШУБАЙ,

«Шын-ақпарат»