Түркияда қаралы күн

679
0
Бөлісу:

606x340_266966Шахтада болған апаттан 200 адам қаза тапты, деп мәлімдеді туркияның энергетика істері бойынша министрі Танер Йылдыз.

Бұның алдында Манис ауданының жергілікті билігі 157 адамның қаза тапқандығын айтқан болатын. Апат шахтаның екі шақырымдай тереңдігінде, адамдар орналдасқан Сома елді-мекені маңында орын алған.
Туркиядағы шахтада орын алған апат салдарынан 201 адам көз жұмған. Тағы да жүздеген адам үйінді астында қалып отыр. Бұл жайында РИА Новости хабарлады.
Т.Йылдыздың айтуынша, жер астында апат орын алған уақытта бұрын айтылғандай 580 адам емес, 787 шахташы болған. Соңғы дерек бойынша зардап шегушілер саны жүзден асқан. 
Аталған трагедия Манис провинциясына қарасты Сома қаласындағы шахтада болған. Қазіргі дерек бойынша екі шақырым тереңдікте орналасқан шахтадағы апат электр сымының қысқа тұйықталуынан орын алып, арты өрт пен жарылысқа әкелген. Оқиға орын алған жерде құтқару жұмыстары жүргізілуде.

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

Пікір немесе жауап жазу

1 × 2 =