Әйелдің ерін құрметтегені − Отанын қорғауға үлес қосқаны

5e85ae71f12712d4fa32b86e1681aa3cОтан қорғаушыларымыз – ер азаматтардың бақыты әйелден. Әйел баласы ерін құрметтеп, пірі санауы, бақытты ете білуі керек. Бұл туралы 14 жасында 1941-1945 жылдары тылда қажырлы еңбек еткені үшін медальмен марапатталған көпбалалы ана Оразова Күмісай Bnews.kz тілшісіне әңгімелеп берді.  7 бала, 12 немере, 3 шөбере сүйіп отырған тыл ардагері бүгінде 80 жасқа келген. Қаладағы Әжелер ансамблінің мүшесі. Қоғамдық өмірге белсене араласып жүрген ақ жаулықты Күмісай әже бар өмірін ұстаздыққа арнағанын, бала оқытып, оларға патриоттық тәрбие беруге тырысқанын айтады. «Отан қорғаушыларымыз – ер азаматтың бақыты әйелден. Әйел баласы ерін құрметтеп, пірі, қожайыны санауы, бақытты ете білуі керек. Сонда ғана ол Отанды, жерді қорғауға бір тамшы болса да үлес қосады», − дейді тыл ардагері. Шымкенттегі Әл-Фараби атындағы орталық алаңда өтіп жатқан Отан қорғаушылар күніне арналған мерекелік шарада қатысып, разы болған Күмісай әже Отан қорғаушыларға ыстық ықыласын жеткізіп, тілегін айтты. «Әуелі ҰОС ардагерлеріне мың да бір алғыс айтамын. Бала-шағаларының рахатын көрсін. Отан қорғаушылар біздің тірегіміз. Аман болсын. Ал жастар еліміздің, Қазақстанның патриоты болып өссін», − деді Күмісай Оразова.

bnews.kz