Алматы қалалық сотының экс-судьясы 4,5 жылға сотталды

743
1
Бөлісу:

utem0709Сот шешімін заңсыз шығарды деп айыпталған Алматы қалалық сотының бұрынғы судьясы Күлпаш Өтемісоваға әріптесі төрт жарым жыл жаза кесті.

Сондай-ақ, оның бар дүние-мүлкі де тәркіленеді. Ал экс-судьяның өзі жазасын жалпы тәртіптегі колонияда өтеуі тиіс. Бірақ Өтемісованың өзі кінәсін сол күйі мойындаған жоқ.

Алмалы ауданында екі айдан бері қаралған сотқа ақыры нүкте қойылды. 16 жыл сот саласында жұмыс істеп, талай іске төрелік еткен Күлпәш Өтемісоваға үкім шығарарда, судьяның өзі қобалжып тұрғаны анық байқалды. Бұған дейінгі отырыстарда өзін сенімді ұстап келген Өтемісова көз жасына ерік берді.

Айта кетейік, өткен жылдың 28 наурызында «Силициум Қазақстан» зауытының директоры Александр Сутягинский өзінің серіктесін өлтіруге тапсырыс бергені үшін 12 жылға сотталады. Бірақ, Сутягинскийдің аппеляциялық шағымын қараған Күлпаш Өтемісова, айыптының 12 жылдық жазасын алты жылға қысқартып қана қоймай, шартты түрге ауыстырады.

Сот залынан босап шыққан кәсіпкер бірден шетелге қашып кеткен соң, артынша судьяның өзі қамауға алынады. Алайда, Өтемісова Судягинскийдің әрекетінен ешкім зардап шекпеген соң ғана жазаны жеңілдеттім деп ақталғанымен, судья әріптесінің жазасын жеңілдетпеді.

Алайда, Күлпаш Өтемісоваға әріптесі төрт жарым жыл жаза кеседі деп ешкім күтпеді. Судьяның өзі де сот залынан тезірек шығып кетуге асықты.

«Сот әділ өткен жоқ. Куәгерлердің ешбірі шақырылмады. Және менің қорғауымдағы Өтемісова өз кінәсін мойындаған жоқ. Сондықтан, әлі де арызданамыз», – деді сотталушының қорғаушысы.

Күлпаш Өтемісова соңғы сөзінде «істі қарау барысында қысым көрсетілгенін және өзіне қарсы ұйымдастырылған шабуылдың біреудің тапсырмасымен орындалғанын айтып кетті. Сот шешімімен келіспеген қорғаушы жақ та қалалық сотқа аппеляциялық шағым түсірмек.

Ал, белгілі кәсіпкер Александр Сутягинскийдің бүгінде әлемнің қай түкпірінде жүргені әлі белгісіз.

31 арна

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

1 пікір жазылған

Пікір немесе жауап жазу

3 × 1 =