Жұлдызды футболшыларымыз ресейлік әріптестерін 3-1 есебімен жеңді

1399221573Алматы қаласының орталық стадионында өткен жұлдызды футболда Қазақстанның эстрада жұлдыздарынан құралған «Алатау» футбол командасы Ресей эстрадасының жұлдыздарынан құралған "Старко" командасын 3-1 есебімен тізе бүктірді. «Старко» ресейлік командасымен тартысты өткен матчта бірінші болып Жұбаныш Жексенұлы 11 метрлік айып добын сәтті орындады. 35 минутқа созылған бірінші тайм есебі 1-0 болған еді. Үзілістен кейін «Шоколад қоян» атанып кеткен Пьер Нарцисс те пенальтиден доп соғып, есепті теңестірді. Екінші допты тағы да Жұбаныш Жексенұлы баспен соғып, қарсылас қақпасында тулатты. Матч соңында Медет Көжекбаев үшінші голды қақпаға тоғытты. Жұлдызды ойынды көруге келген көрермен еліміздің әнші-футболшылары соққан әрбір голында аяғынан тік тұрып, қошемет көрсетті. 1399223031 1399224086 Ресейлік ұжымның қатарында Владимир Пресняков, Андрей Мисин,"Зодчие" тобы, "Ариэль" тобы, Сергей Беликов, Валерий Сюткин, Крис Кельми, Сергей Крылов, Владимир Кузьмин, Илья Авербух, Алексей Глызин, Эдгар Запашный, Александр Барыкин, Влад Топалов, Иракли Пирцхалавалар ойын көрсетуі тиіс делінсе де, бұл қатарда Владимир Пресняков жоқ болып шықты. Ойынды белгілі футбол комментаторы Виктор Гусев жүргізді. Ескерте кетейік, екі елдің арасындағы «жұлдызды» кездесу тұңғыш рет болып отыр. «Алатау» футбол клубы отандық футболды қолдау мақсатында 2004 жылы құрылған болатын. Оның құрамында Мейрамбек БеспаевСәкен МайғазиевКенжебек ЖанәбіловМұқасан ШахзадаевЖұбаныш ЖексенұлыЕрлан ӘлімовҒаділбек Жанай"Арай" тобы"Rin'Go" тобыНұржан КерменбаевДәурен Сейітжан және басқалар бар.

"Массагет" порталы