Тұзды тағамдар тез қартаюға әкеп соғады

20140422005155Тұзды тағам қартаю үдерісін жеделдетеді. Джорджия университетінің ғалымдары зерттеу барысында осындай байламға келді.

Адам ағзасына тұздың қалай әсер ететінін анықтау үшін 14-18 жас аралығындағы 776 жасөспірімнің қатысуымен зерттеу шаралары жүргізілген. Ғалымдар зерттеудің басында әр қатысушының теломерлерінің ұзындығын өлшеген көрінеді. Теломер - ол қорғаныш қызметін атқаратын хромосоманың ұштары. Олардың ұзындығынан ағзаның жағдайын байқауға болады. Осы арқылы, ағза жыл өткен сайын қартайып, теломер ұзындығы да қысқарады. Сонымен қатар олар адам ауырған кезде де қысқара бастайды. Зерттеу кезінде салмағы артықтау және күн сайын тамақпен бірге 5 грамнан астам тұзды тұтынатын жасөспірімдерде теломерлер өзгелеріне қарағанда қысқалау болған. Осының нәтижесінде, ғалымдар адамның қартаюы үдерісін тежеу үшін күніне тағаммен 5 грамнан аспайтын көлемде ғана тұзды тұтыну керек деген тұжырымға келді, деп жазады Росбалт.

Қазақпарат