ТӘУЕЛСІЗДІК, БӘРІНЕН СЕН ҚЫМБАТСЫҢ!

1989
10
Бөлісу:

 

 

bd01f6a1ed631b5815da75f8fc625443

 

Әлдінің жанында әлсіз  жантәсілім болады…

Туған елге қатерлі сәт туса егеулі найзаны қолға алып, жауға қарсы аттанатындай патриоттық сезімі бойында шалқыған, бауырларым! Ең алдымен, Кедендік одақтың кесірлі одақ  болғандығын нақтылы өмірде көріп жүргенімізді ашық айтқым келеді. Оның Қазақстан экономикасын дамытуға, халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуға түк те септігі тимегендігі айқын.17 миллион тұрғынына, сәнді сырт киімді айтпағанда, іш киім тігіп бере алмай отырған елміз. Соған қарамастан  үкіметтегілер Кеден одағына кірсек, 170 миллиондық  рынокқа қойып кетеміз, қарық боламыз деген тәтті қиялға берілді. Онысы жайына қалды. Күнделікті тұтынатын азық -түліктің басым көпшілігін сырттан таситын әдеттен арылмай жатып, экспортқа ет шығарамыз, жеміс – жидек жөнелтеміз деп күпінгеннен не таптық. Ресейдің, Беларуссияның ауыл шаруашылық өнімдері өзінің арзан көрінген бағасымен дүкен сөрелерін жаулап алды.

Тоқ етері – Кеден одағы қазақстандық өнеркәсіпті, ауыл шаруашылығын өркендетуге  жол ашпайды, қайта өрісін тарылтады. Шикізаттық ел деңгейінде қалдырады. «Бәсекелестік туады, соның нәтижесінде кәсіпкерлік дамиды»  дегенге иланғандар әлдінің жанындағы әлсіздің қалай жантәсілім болғанын көре бастады. Кедендік одақ бәсекелестікті арттырған да, өндірісті дамытуға жәрдемдескен де жоқ.

Біздің халқымыз тым аңғал, бала секілді тәтті берсе алдана салатын. Президент тәтті сөз айтса, соған еліте қояды. Бермеген тәттісін ауызға салып сорғандай тамсанамыз.Сөйтіп  үйреншікті ұйқыға басамыз.Біздің түбімізге жетіп жатқан сол ұлттық марғаулық, ұлттық самарқаулық.Ұйқыдан оянғандардың өзі де дел сал.Қоғамдағы жағдайды қайтсін, өзінің қарақан басының қамын күйттеуден әріге аспаса.

«Еуразиялық одақ саяси одақ емес, біз тәуелсіздігімізді ешкімге де бермейміз». Мемлекетімізді басқарушылар осылай дейді. Сіздер соған сенесіздер ме? Жоқ, әрине. Мен де оған иланбадым.

Ұлттық деңгейден жоғары тұратын құрылымға күні қараған мемлекеттің дербестігі жайына қалып барады. Оны кез – келген қарапайым адамдар да біледі.Экономика мен саясат ежелден бір – бірімен байланысты нәрсе. Әр мемлекет өз халқының қамын ойлауға міндетті. Адамдарын жұмыспен қамтуды көздейді.Әлеуметтік мәселелерін шешуге, қорғанысын күшейтуге ден қояды. Ал оның бәрі қаражатқа тіреледі.Қаражаттың көзі – экономика. Бюджеттің бүйірін толтыру – үлкен саясат.Онсыз мемлекет өмір сүре алмайды.Ортақ банк ашу, ортақ ақша шығару Ресейдің пайдасы үшін ойластырылған. Үш елге ортақ ақшаның атын қазақша «Алтын», тіпті «Нұр Алтын» деп қойса да ол Теңгеге татымайды.Төл теңгесін керексіз етіп тастаған, өзгенің банкісіне телмірген мемлекет қалайша тәуелсіз мемлекет болады! Бұл мүмкін емес.

«Ортақ ақша шығарылмайды» деп қойып қалды көкесіне тартқан дөйдің бірі таяуда. «Девальвация болмайдыны» еске алыңыз да, әлгінің дегенін керісінше қабылдаңыз.Оның жасырғаны мерзімі көрінеді. Қырымды озбырлықпен өзіне қаратып алған Ресей  Батыс елдерінің экономикалық қысымшылығына қарсы қыр көрсетпек. АҚШ-тың  долларын ығыстырып тастаудан кет әрі емес. 2025 жылы Алтын ақшаны іске қосу жоспарының болғандығы, қазіргі шиеленісті жағдай оны тездеткені туралы ақпараттар шыға бастады. Демек, одақтасыңның ойына не келсе,  соны қолдауға, артынан еруге мәжбүрсің. Батыстан ол бөлектенсе, еріксізден сен де іргеңді аулақтатасың. Мұны қаласаң да, қаламасаң да солай болады. Өйткені өзіндік ұстанымың одақтасыңа керек емес.Экономикалық мүддеден саясат туады, саясаттың салдары экономикалық байланыстарға әсерін тигізеді.  Сөйтіп, саяси тұрғыдан да одақтасуға итермелейді, тәуелсіздіктен, дербестіктен еріксіз айырыласың. Мұндай жағдайда   «көршінің басбұзарлығына біздің қатысымыз жоқ, аулақ кетсін» деп  ақталуға мүмкіндік қалмайды. Ресей өрге сүйресе де, көрге сүйресе де көнесің. Ондай күйге түспес үшін Еуразиялық экономикалық  одаққа кірмеу керек.Оның пайдасынан залалы көп.

Ресеймен интеграцияға Беларусия  мен Қазақстан неліктен ынтызар? Ресей саясаттанушысы Андрей Суздальцевтің айтуынша:   «Оларға ( аталған екі елге – Р.С.) дәл қазір ақша мен ресурстар қажет.Оларға өз мемлекеттерінің  және тіпті мемлекеттерінің де емес,   режимінің өмір сүруінің қандай да бір проблемаларын дәл қазір шешулері қажет».  Ақиқатты дөп басқан екен саясаттанушы.

Сол Суздальцев тағы былай дейді: «Ресейдің интеграциядағы мақсаты стратегиялық сипатқа ие.Ресей өзінің меншіктенген интеграциялық топтарынсыз бірінші рангадағы держава, супер держава бола алмайды». Солтүстіктегі көршінің Украинаға жасаған қиянаты оның өз алдына қойған мақсатына жетуі үшін ешнәрседен тайынбайтынын әлемге паш етті.Еуразиялық экономикалық одаққа Қазақстан мен Беларуссияның және Ресейдің неліктен бірігетіндігінің негізгі себептеріне айрықша мән берген абзал. Әлемдік жаһандануда жұтылып кетпес үшін, алып аждаха Қытай қылғытып жібермесі үшін Еуразиялық одаққа кіргеніміз дұрыс дейтін жөнсіз сылтаудың тасасына тығылмайық. «Жақыныңмен алыстан сыйлас» деп атам қазақ бекерге айтпаған.

Қазақ билігі түбі бір ауысады.  Сонда таңдауды кім жасайды?  Өзіміз, яғни республика сайлаушылары ма, әлде Путин-Сутиндер ме?  Әрине, соңғысы. Қолайына жағатын кадрды ол өзі өткізеді. Ұлттық, мемлекеттік мүддемізді ойлайтындарды биліктің маңайына жолатпайды. Кремльде отырып -ақ бәрін өзі реттейді.  Ал енді бар ғой,  жемқор, сатылғыш басқарушы шенеуніктерден құтыламыз, әділеттілік орнайды дейтіндей күн туатындығын ойлап, қуанудың жөні жоқ. Жемқорлық жөніндегі жарыста «орыс одақтасыңыз» біздегілерден қалыспайды.Екі жақтың жемқорлары қосылған соң қаныңызды теспей сорады.Тоналып жатқан қазба байлықтарыңыздан тозаң да қалмайды.Одақтасудың түбі – түбегейлі отарлану!

Ресей тықпалаған АЭС салуды былай қойғанда, «қырғи қабақ» соғыс қайта жалғасатын  кез келсе, қазақ даласы баяғыдағыдай сойқанды қарулардың  сынақ алаңына айналып шыға келуі қиын емес. Ал одан кейін жириновскийлер мен лимоновтар аңсап жүрген, Путиннің «жер түгендеу» саясатын қолдай жөнелген хакасиялық  штыгашевтердің сандырағы іске аса бастауы мүмкін. Солтүстік, батыс облыстарды  Ресейдің губерниясы жасауға ниеттенсе, кім қой дейді. «Ресейдің мұнысына түсіністікпен қараймыз»-ды қайталайтын шығар «тақ мұрагері». Ал мұндайды қаламайтын АҚШ пен Батысқа «шаруаларың не, одақтасыма не істесемде еркімде» демей ме?  Жаман айтпай жақсы жоқ. Ресей билігінің қазіргі таңдағы империялық өктемдігі, Путиннің Халықаралық шарттарға пысқырып та қарамаған астамшылығы осындай қауіптің туатындығына күмән келтірмейді.

Қазақстандағы халық қайда , соның бәріне жол беріп, қарап отырмас дейсіз бе? Қауқар танытып, қарсыласатын халық болса қайда жүр, қатердің алдын алмай! Дәл қазір күркірете үн қосып, аттан салмай!     Республика азаматтарының күрескерлік рухы жойылған. Ол рух 1986 жылы кеңес солдаттарының етігімен тапталған, 2012 жылы полицейлердің оғына жығылған, соттардың үкімімен жаншылған. Дәл Тәуелсіздік күнінде – желтоқсанның  16 жұлдызында,  Алматы мен Жаңаөзенде. Бұл тарихи факт. Өз халқын аямаған жауыздықтан әлі есін жия алмаған қоғамға не мін тағамыз. Күреске  шығар, көшін бастар Асылдарын атты, соттады, қудалады, шетке кетірді. Қалғандарының басқан қадамын аңдып, тың тыңдап, аузын аштырмайды. Заң аясында саяси алаңда күресуге әзір жандар баршылық. Бірақ оған мүмкіндік бермейді. Наразылық атаулыдан аллергиясы қозатын билікке не дауа! Көшедегі әйел ана, бала- шағаны сүйреп апарып жабық көлікке тығатын Қасымовқа не шара! Үлкенді- кішілі қуғын – сүргін, үрей азаматтардың күрескерлік рухын жасытқан.

Елдің шебін қорғар сарбаздан да ұрда – жық полицейі көп авторитарлық – диктаторлық  мемлекетте өмір сүріп жатырмыз. Азаматтық құқы қорғалмайтын, сөз бостандығы шектеулі, әділ, таза сайлау өтпейтін, халық пікірімен санаспайтын,тұрғындар талабын құлағына қыстырмайтын Қазақстан бұл. Оны Қырғыз елімен, Грузиямен,Украинамен салыстырмаңыз.Ондағы халық ерікті. Біздегідей тәуелді, тәуменді емес.Сондықтан да Тәуелсіздігін тәрк еткізген жоқ.Соларға қарап қызығып отыра береміз бе?  Билік жарапазаншыларының  ол елдерді тыныштығы қашқан сұрқылтай етіп көрсетуіне сеніп, ауызды  аңқитқанды қойсақ қайтеді, ағайын.Тәуелсіздіктен айырылу ол бар байлықтан, ұлттық құндылықтан, тілден айырылу екенін өткен өмір көрсетті ғой.Содан сабақ алсақ игі.

Не істемек керек? Алдымен әркім өз бойындағы жасқаншақтықтан, әсіре сақтықтан, құлдық санадан арылсын. Азаматтық құқығын табанға таптатқызбасын. «Бала- шаға бар еді, зияны тиіп кетеме» дейтін бишаралықты қоялық. Дәл қазіргіден артық ұрпаққа келер зиян болмас – қазба байлығымыз тоналып, жеріміз тозып, одан қалды Қытайға жалға берілмек,сыртқы қарыз орасан зорайып, әлі дүниеге келмеген ұрпағымыздың мойнына ілініп жатыр!

Тәуелсіздікті сақтау үшін елімізге саяси реформа керек ! Парламенттік – президентік  жүйе, әділ де таза сайлау қажет. Сөз бостандығына қойылған тосқауылдар алынып тасталсын, қудалаудан жабылған ақпарат құралдары қалпына келтірілсін. Саяси тұтқындар, өз құқығын қорғап, ереуіл жасап сотталғандар бостандыққа шығарылсын.Шетелдегі қандастарымызды Отанына оралтуға кедергі келтіретін заңдағы қиғаштықтар түзетілсін,оларды орналастыру үшін арнайы мемлекеттік бағдарлама қабылдансын.Міне, мұның бәрі де Тәуелсіздік үшін ауадай қажетті талаптар.  Біз үшін ел Тәуелсіздігі бәрінен қымбат!

Рысбек Сәрсенбайұлы

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

Сайтта 10 пікір жазылған

  1. Қолқоюсыз 14 Сәуір, 2014 20:25 Жауап

    ЕАЭО КАРСЫ ФОРУМ КАЛАЙ ОТТИ ЕКЕН, КАНДАЙ ШЕШИМ КАБЫЛДАНДЫ, БИЗДИН САЯСАТКЕРЛЕР КАТЫСТЫ МА?!

  2. Азамат 14 Сәуір, 2014 22:39 Жауап

    Не істеу керек? Қол бастайтын, ашық алаңға шығатын батырлар бар ма? Әлде барлығымыз осындай су жүрек «батырлармыз» ба, тасадан ешкім зиян тигізбейтін тас лақтырушылар?

  3. Alash-uly Qazaq 14 Сәуір, 2014 22:41 Жауап

    «Еуразиялық одақ саяси одақ емес, біз тәуелсіздігімізді ешкімге де бермейміз». Мемлекетімізді басқарушылар осылай дейді. Сіздер соған сенесіздер ме? Жоқ, әрине. Мен де оған иланбадым. МЕНДЕ сенбейтиндердин биримин

  4. Рустем 15 Сәуір, 2014 08:10 Жауап

    Ардақты ағайын!
    Мен Сіздерді келе жатқан Тәуелсіздік күнімен құттықтаймын!
    Бұл күн қазақтың бірлігінің мерекесі және қазақтың шексіз отансүйгіштігінің анық белгісі. Біз ерекше халықпыз, бізге бостандықты сүю туабіткеннен дарыған.
    Тарихтың қиын қыстау замандарында біз аман қалып тәуелсіз ел болғанымызда ешқандай ғажап жоқ. Өйткені бұл қазақ халқының қажымас қайратының және ауызбірлігінің нәтижесі. Біз ашашылықты және жоқтықты, соғысты және репрессияларды көрдік, барлық тарихи сыннан өтіп егеменді ел болдық, өйткені біздің жүрегімізде еркіндік рухы бар.
    Сондықтан Қазақстан болған, Қазақстан бар, Қазақстан болашақта да жасайды. Бүгін біз еркінбіз. Біздің өзіміздің мемлекетіміз бар. Біздің бойымыздағы барлық жақсы қасиеттерді біріктіріп біз қауіп қатерлерді мүмкіндіктерге айналдырамыз. Қазақтың жігерлілігі, қазақтың тапқырлығы, қазақтың батылдығы, қазақтың ерлігі елімізді ерекше, дербес, мықты мемлекетке айналдырады.
    96 жыл бұрын қазақ мемлекеттік қайраткерлер ортақ мақсат және тәуелсіз мемлекетті құру үшін алаш партиясына
    бірлесе алды. Осындай ауызбірлік бізге де ауадай қажет бірақ басқа миссияны атқару үшін ол тауелсіз Қазақстанды аялау және қорғау. Тек бірлікте болсақ қана біз елімізді гүлденген әрі көп жасайтын мемлекетке айналдырамыз.
    Бірге болайық ағайын, ең маңызды нәрселер үшін, еркіндік пен ел үшін күшімізді біріктірейік, бөтендер біздің тағдырымызды шешуге жол бермейік.
    Халықаралық қатынастарды дамытқанда біз ешқашанда қысқа мерзімді пайдаға бостандықты айырбастамайық. Бұл біздің қолымыздан келеді, өйткені біз мықты халықпыз.
    Тәуелсіз мемлекет бұл сыйлық емес бұл міндет, сондықтан Қазақстанымызды аялап оны дамытайық! Біздің атымыз Қазақстан, сондықтан елімізді мақтан тұтайық.
    Еркіндік адамдардан ажыратылмайды, әсіресе өзінің бостандығын ойлай тура жанындағы адамдарды ұмытпайтын, ұлтты және бәрімізді біріктіріп және топтастырып еркін қылдыратын туған мемлекетті ойлайтын нағыз азаматтардан. Тәуелсіздік күнінде біз Желтоқсан көтерілісіне қатысқан адамдарды еске алып, олардың алдында бас иеміз, өйткені олар қазақтың еркіндігін өз денелерімен тасалаған, тәуелсіздікті қорғаған қаһармандар. Керек болса олар өзінің ерлігін қайталауға дайын екеніне мен нық сенемін, өйткені олар заманауи Қазақстанның титандары. Желтоқсаншылардың ерлігі мен қажымас қайраты жас ұрпаққа үлгі өнеге. Құрметті Желтоқсаншылар қазақ халқына Сіздердің ерліктеріңіз жаңа жетістіктерге жетуге шабыт береді. Біз Қайрат Рысқұлбековты, Ляззат Асанованы және басқа Желтоқсаншыларды мақтан тұтамыз!
    Тәуелсіздік күні біздің айрықша, дербес жолымызбен жүруге әкелген біздің ортақ шешімімізге үлкен мән мағына береді. Бұл жол еркін, сыйлы, беделді әрі заманауи мемлекеттің жолы. Көне замандарда осындай жолды таңдаған Керей мен Жәнібек хандар, олар бізді біріктірген және мемлекетке топтастырған. Олар білген қазақтар өзінің тәуелсіз мемлекетін құрғысы келетінін және құруға міндетті екенін.
    Бір рет бірігіп топтастырылған халық ғасырлар бойы өзінің жарқын болашағы үшін күрескен. Ұрпақтан ұрпаққа жалғастырып біздің халық өзінің туған мемлекетін құрған, дамытқан, қорғаған. Тәуелсіз мемлекетте еркін азамат болып өмір сүру үшін біздің халық ғасырлар бойы өзінің бүкіл күш жігерін жұмсаған.
    Бүгін де біз болашақты, дәстүрді және тарихты жасаймыз. Тәуелсіздік күні бізді әрқашанда ескертеді, мемлекет бұл тәж екенін, бұл тәжға лайық күндіз түні еңбек ету керек және келешек ұрпаққа шексіз отансійгіштікті, мемлекетіміз үшін жауапкешілікті, жарқын болашаққа үмітті бойларына сіңіру керек.
    Тәуелсіздік күнін біздің шетелде жүрген қазақ ағайындарымыз да тойлайды деп ойлаймын.
    Құрметті отандастар!
    Мен Сіздерді тағыда шын жүректен келе жатқан тәуелсіздік күнімен құттықтаймын. Сіздерге Өзінің туған мемлекетімен бірге үлкен жетістіктерге жетуді, жемісті еңбек етуді тілеймін, елімізбен бірге тек алға ардақты ағайын

  5. Мұқитұлы 15 Сәуір, 2014 08:12 Жауап

    Ертеде Сталин Советтердің VI- съезінде :Жолдастар ,біз бүгін пролетариаттың Ұлы Көсемінің жоқтығын көріп тұрмыз!» -депті. Иә,сол айтпақшы Бүгінгі Қазақстан Алтынбектің жоқтығын көріп тұр! Әттең қол бастайтын Ер туса кетер едім мына әлемнің бәрін жалмағысы кеп тұрған Орыс озбырды тоқтатуға ,!

  6. хави 15 Сәуір, 2014 12:54 Жауап

    голодранці всіх краін хоб да кучу!!!
    вихри враждебные веют над нами наш еще силы возметно
    в бой роково мы вступили с вргами на еще силы

  7. Шыншыл 15 Сәуір, 2014 17:00 Жауап

    Ардақты Алашымның,Ер түріктің ұрпағы елің үшін келер ұрпағыңның келешек өмірі үшін,Абылайлап ұрандатып,Қабанбайлатып қақыратып қарсы шығатын кез келді.Енді қалың ұйқыдан оянып, аттанатын кез келді.Жоғарыдағы Рысбек пен Рүстемнің жазғандарын оқып ойланыңдар,ой түйіңдер , кәуешгінде саңылауы бар қайсар қазағымның ұлмен қыздары.Мен бұған Қаз дауысты Қазбек бабамның БізҚазақ деген елміз деген толғауын қосар едім.Қалай дегенменде Евразиялық одаққа қосылудан бас тартуымыз керек.Нар тәуекел не бел кетеді,не белбеу үзіледі

  8. турабек 15 Сәуір, 2014 22:27 Жауап

    Казакстан тауелсздгы дунйе жуызы казактарнн мактаншы
    Казак елнн тутастыгн сактау ар азаматтн борш …

  9. южан 18 Сәуір, 2014 00:52 Жауап

    БӨСПЕ СӨЗ,ІС,ТІРЛІК ЖОҚ 23жыл тәуелсіздік нең бар,не қалды
    қорғайтын,бәрі сатылған,қайта кеңес кезінде жерім,далам,
    тауым,көлім бар деуші едік АТА БАБАларыңды айтқаннан басқа
    қолдарыңнан не келеді Батыс жақтың қазақтары болмаса
    бас көтеретін тарихта солай,кәзірде Қалғандарың жүресіңдер
    ҚАРАТАУДЫҢ БАСЫНАН КӨШ КЕЛЕДІ деп

Пікір немесе жауап жазу