Ақтөбедегі дәрігерлердің салғырттығынан тағы да әйелдер көз жұмды

ДокторАқтөбе облысы Сазды ауданындағы №3 емханада ем-дом қабылдаған үш әйел бірінен соң бірі көз жұмды. 55 жасар Нұрия Нұрлиеваға, 75-тегі Гүлнұр Шәкіроваға және 84 жастағы Райса Хисматулинаға актовегин дәрісін егіпті. 

Қазір адам өліміне қатысты №3 қалалық емхана қыз­меткерлерін тергеу жүріп жатыр. Ал күмәнді дәріні қолдануға тыйым салынды. Жақында осыған ұқсас белгімен тағы екі адам ауруханаға түсті. Дәрігерлердің айтуынша, жаңадан түскен науқастардың жағда­йы ауыр. Ал көз жұмғандардың медициналық құ­жа­тын­да жағ­дайының жақсы екені көрсе­тіл­ген. Бар­лығы да емдеу курсынан толық өткен көрі­неді. Кейіннен анықталғандай, бірі учас­келік дәрігердің анасы болып шық­ты. Ем­хана қызметкері анасына күндізгі стан­цио­нардан ем-дом қабылдауға жолдама алып берсе керек. Ал осы емхананың бас дәрігері Жәнібек Нар­мұха­медовтың айтуынша, арты адам өлімі­не әкеп соқтырған оқиғаға актовегин дәрісінің қатысы жоқ: «Себебі оны бүгінге дейін біраз адам қабылдады. Бірақ солардың бірде-біре­уінің денсаулығы нашарлаған жоқ», – дейді ол. Оның сөзіне қарағанда, осы­нау дәрі еліміз­дің өзге емханаларында да кеңі­нен қолданылады. Тақырыпқа орай: Гауһар Бурашева, химия ғылымдарының докторы: «Еліміз бүгінгі күні дәрі-дәрмектің 90 пайызын шетелден тасымалдайды. Қазақ нарығын, әсіресе, Ресей, Беларусь, Украина, Германия және Қытай дәрілері толтырып тастаған» Салидат Қайырбекова, Денсаулық сақтау министрі:  «Ана мен бала денсаулығын қорғау мемлекеттік саясаттың басымдығы болып қала береді. Мақсатты жүргізілген жұмыс нәтижесінде соңғы 5 жылда ана өлімі 3 есеге, бала өлімі 1,5 есеге азайды» (Павлодар облыстық аурухана қызметкерлерімен кездесуіндегі сөзі)

"Жас қазақ" газеті