Елбасы мемлекеттік тілді үйрететін орталықтар желісін құруды тапсырды

702
2
Бөлісу:

20140407171834Мемлекет басшысы Н. Назарбаев Мәдениет министрі Арыстанбек Мұхамедиұлын қабылдағаны туралы алдыңғы жаңалықтарда жарияланды.

Кездесу барысында Ұлттық мұражайды ашу мәселелері, ЕХРО-2017 халықаралық көрмесіне дайындықтың мәдени аспектілері, сондай-ақ  министрліктің қызметінің басты бағыттары талқыланды.

Мемлекет басшысы Республикада 8 мың жергілікті және 39 республикалық мәдениет мекемесі жұмыс істейтінін, олардың рөлі күннен-күнге ұлғайып келе жатқанын атап өтті.

– Соңғы 10 жылда театрға келушілер саны – 50 пайызға, музейге келушілер – 25 пайызға, кітапханаға келушілер – 40 пайызға, концерт залдарына келушілер – 100 пайызға, кинотеатрға келушілер саны 400 пайызға көбейді. Мұның бәрі халықтың әл-ауқатының артқанын және мәдениетке, білімге деген ынтаның өскенін білдіреді. Соған байланысты осы саладағы кадрларды сапалы даярлау, қызметтің бірыңғай тәжірибелерін әзірлеу мәселесін қарастырған жөн. Әр облыста мемлекет қаржыландыратын 2 театрдан бар. Бүгінде халық арасында олардың қандай жұмыс жүргізетініне, мәдени салмағы мен қызметінің сапасы қаншалықты екендігіне көбірек көңіл аударған жөн, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақстан Президенті жұмысы күшейтілуге тиіс бірқатар бағыттарға тоқталды.

– Азаматтық қоғаммен ынтымақтасу, мемлекеттік тіл үйрететін аккредиттелген орталықтар желісін құруды жалғастыру қажет. Әлеуметтік тапсырыстар аясында барлық шығармашылық одақтармен, Қазақстан халқы Ассамблеясымен, Дүние жүзі қазақтарының қауымдастығымен, «Болашақ» бағдарламасымен жұмысты жандандыру керек. Әлеуметтік маңызы бар әдебиеттерге келсек, халыққа қызықты, мазмұны сапалы шығармаларды шығаруға назар аудару қажет. Біз – жазушыларға шығармаларын басып шығаруы үшін қаражат бөліп отырған жалғыз мемлекетпіз. Шығармалар елдің ішінде де, сыртында да біздің мәдениетіміздің рөлін арттыруға бағытталуы тиіс, – деді Мемлекет басшысы.

А.Мұхамедиұлы Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында берілген тапсырмаларының іске асырылуы, соның ішінде Мәдени саясат және халықаралық жүйемен ықпалдастығының ұзақмерзімді тұжырымдамасының әзірлену барысы туралы баяндады.

Бұған қоса, министр Тілдерді дамыту және олардың қызметі жөніндегі мемлекеттік бағдарламаның іске асырылуы туралы мәлімдеді.

Мәдениет министрі ведомство алдына қойылған міндеттердің бірі қоғамымыздың рухани дамуы екенін атап өтті. Қазақстанда қазірдің өзінде  шеберліктің биік деңгейін көрсетіп жүрген «Астана Опера» опера және балет театры, ұйғыр, корей және неміс театрлары, басқа да мәдени мекемелер бар. Осы орайда негізгі міндет – оларды халықаралық деңгейге шығару.

Кездесу қорытындысында Мемлекет басшысы қаралған мәселелер бойынша бірқатар нақты тапсырмалар берді.

 Қазақпарат

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

Сайтта 2 пікір жазылған

  1. Beknuras 8 Сәуір, 2014 23:18 Жауап

    Мемлекеттік тілді үйретудің кең-ауқымды жолдарының бірі, компьютерлік ойындарды қазақшалау. Өйткені Ресей осы бағытта, яғни балалар қызығатын ойындарды орысшалау арқылы, Ресей аумағымен қоса ТМД аумағында орыс тілін меңгеруді дұрыс жолға қойып алды. Сондықтан жас ұрпақтың неге қызығатынын пайдаланып, мемлекеттік тілді меңгерту жолдарын кеңейтсе нұр үстіне нұр болар еді. Мәдениет, білім, ақпарат министрліктері тілді меңгертудің осы ақаулы тұсын дұрыс қолға алады деп үміттенейік.

  2. Beknuras 8 Сәуір, 2014 23:23 Жауап

    Бұған дейін де мультфилмдерді қазақшалау арқылы, көптеген бүлдіршіндердің тілге деген қызығушылығын арттыру шаралары жүзеге асқан. Бастама бар жалғасы ұзағынан сүйіндіргей.

Пікір немесе жауап жазу

он тоғыз − 10 =