Ақордаға бірінші рет келген министр президент алдында әбден састы

prezident_i_minkulturyМемлекет басшысы жаңадан тағайындалған Мәдениет министрін қабылдады. Министр ретінде Ақордаға бірінші рет келген Арыстанбек Мұхамедиұлы әбден састы. Қойын кітапшасын қайта-қайта парақтап қолын төсқалтасына сала берді деп хабарлайды КТК арнасы. Оның шектен тыс қобалжып отырғанын сезсе керек, Нұрсұлтан Назарбаев артық сұрақ қойып мазалаған жоқ. Тек еліміздегі кітапхана, мұражай, театр секілді мәдени ошақтардың жұмысына жаңашылдық енгізіп, қазақ тілін үйрететін орталықтардың санын көбейтуге пәрмен берді. "Министрліктің жұмысы қазір шағындалды. Тек қана Мәдениет сенде қалып отыр. Бюджеті 26 миллиард теңге ол аз емес. Бүкіл Қазақстандағы мәдениет ошақтары бір жерде болып бір саясатты жүргізу, мәселелерін қарау керек. Әр облыста 2 театр бар. Олардың саясаты бір болу керек. Мемлекет қаржыландырады оларды", - деді мемлекет басшысы.