Банктер туралы жалған ақпарат бергендер анықталды

b80261fb6e9241fe7f9dd3a853848092Қазақстандық банктердің банкротқа ұшырайтындығы туралы жалған ақпарат таратқан бірнеше адам анықталды. Бұл туралы бүгін ҚР Бас прокуратурасының ресми өкілі Нұрдәулет Сүйіндіков мәлім етті. "Банктердің қаржылық ахуалы жөніндегі ақпараттарға қатысы бар барлық тұлғаларды анықтау бойынша кешенді іздестіру шаралары жүргізілуде. Бірқатар тұлғалар анықталды және оларға қатысты тексеру шаралары басталды", - деді ол. Оның атап өтуінше, талап арыз енгізіліп, қылмыстық іс қозғау мәселесі шешілуде. "Бас прокуратура жалған хабарламаларды таратуға кінәлі тұлғалардың барлығы қылмыстық қудаланумен қоса, материалдық және заңмен белгіленген өзге де жауапкершіліктерге тартылатындығын мәлімдейді", - деді Н.Сүйіндіков.

nur.kz