“Ақжолдықтар” батысқазақстандықтармен кездесті

AZAT NOGAEV “Ақ жол” партиясының төрағасы, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, ҚР Парламент Мәжілісі фракциясының жетекшісі  Азат Перуашев,  “Ақ жол” партиясының төрағасы орынбасары, көрнекті ақын Қазыбек Иса және “Ақ жол” партиясы ОК хатшысы Берік Дүйсембинов  батысқазақстандықтармен кездесу өткізіп қайтты. “Ақ жол” партиясының басшылығын аймаққа іссапар барысында Батыс Қазақстан облысы әкімі Нұрлан Ноғаев қабылдады. Облыс әкімі мен Мәжіліс депутатының  кездесуінде  «Ақ жол» партиясы Батыс Қазақстан  филиалының қызметіне байланысты, жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау, аймақтағы кіші бизнесті дамыту сияқты бірқатар мәселелерді талқылады. Азат Перуашев: «Сұқбатымызда Нұрлан Асқарұлы Елбасының Жолдауын жүзеге асыру тұрғысында өз ойымен бөлісті, соның ішінде  орта және кіші бизнестің  дамуы аясында  жан-жақты көмектесуге дайын екендігін білдірді. Сонымен қатар әкімнің облыстағы кәсіпкерлікті дамытуға байланысты оң көзқараста екендігін, жергілікті кәсіпкерлердің мемлекеттік немесе басқа да бағдарламаларға қатысуына барынша қолдау көрсетіп жатқандығын айта кету керек» - деді. А. Перуашевтың басшылығымен  «Ақ жол» ҚДП депутаттарының  іс-сапарының басты бағытытың бірі –Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жолдауын талқылау, құжаттың маңызды ұстанымдарын түсіндіру үшін облыстағы кәсіпкерлер, жұмысшы ұжымы және студенттермен кездесумен қатар аймақ бойынша ауқымды іс-сапар бағдарламасын қамтиды. Осы ауқымды жұмыс бағдарламасының бірінші бабы бойынша «ақжолдықтар» облыс кәсіпкерлерімен кездескен «Даму» кәсіпкерлерді дамыту қоры» АҚ Батыс Қазақстан облыс бөлімшесінің кәсіпкерлеріне қызмет көрсету орталығының жұмыстарымен танысып, барып қайту тұрды.  «Кәсіпкерлермен кездесуде ауылдық жерлерде банк кредиттерін алуға байланысты кәсіпкерліктің дамуына кедергі болып отырған тарифтың құны, мемлекет тарапынан орта бизнесті қанағаттанарлықсыз қолдау сияқты  өткір мәселелердің бірнешеуі көтерілді. «Ақ жол» ҚДП осы мәселелерді шешуге көмектеседі» - деп мәлімдеді Азат Перуашев. Aq jol Oralda    Ақпанның алтыншы  жұлдызында «Ақ жол» ҚДП  төрағасы, ҚР парламент  депутаты Азат  Перуашев Батыс  Қазақстандағы «Даму»  қорының бөлімшесінде облыс  кәсіпкерлерімен кездесу  өткізді. Кездесуде Батыс  Қазақстан облысы өңірлік кәсіпкерлер палатасының  өкілдері мен әр түрлі мемлекеттік органдардың өкілдері  қатысты. Кәсіпкерлерге депутат  жалпы сипаттағы кәсіпкершілікке орайлау, бағыттау және бизнеске деген қысымды азайту, заманауи өндірістік экономиканың құрылуына бағытталып  дайындалған жаңа заң жобасы,  «Қазақстан-2050» бағдарламасының жаңа стратегиясы туралы айтты. Азат Перуашевтың сөзі бойынша жаңа заң жобасының негізгі мақсаты кіші және орта кәсіпкерлікті құрылған сәтінен бастап алғашқы үш жыл ішінде  жоспарлы тексеріс жасаудан босату, сатып алу аясында әкімшілік тосқауылдың азайтылуы, жеке кәсіпкерлерді құрылған сәттен бастап алғашқы бір жыл ішінде корпоративтік салық төлеуден кіші және орта бизнес болып табылатын жеке және заңды тұлғадан табыс салығын төлеуден  босату   болып табылатынын айтты.  Сонымен қатар мемлекеттік сатып алу: сатып алынатын тауардың, жұмыс пен қызметтің  құны ұқсас тауардың жұмысы, қызметімен орта нарықтық бағамнан жоғары болмауы қажет ұғымын анықтап алу қажеттігін түсіндірді. "Ақ жол" ҚДП төрағасы мен кәсіпкерлер арасындағы диалог өте мәнді, мағыналы өтті. Мемлекеттік органдармен кері байланыс туралы, қолданыстағы мемлекеттік бағдарламалар туралы мәселелер көтерілді. Көптеген кәсіпкерлер өз бизнесін басқару барысында кездескен мәселелері туралы айтты. «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорында Азат Перуашев жақында ашылған  кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының қызметімен танысты.    Бұл жерде жергілікті бизнесмендер финанс институттары мен жергілікті органдардың мамандарынан барлық қажетті кеңесті ала алады. Содан соң Азат Перуашев жергілікті кәсіпкерлік қоғамдастығымен кездесті. Өңірдегі кәсіпкерлер «Ақ жол» ҚДП басшылығы мен мәжіліс депутатынан орта және кіші бизнесті қолдауға байланысты заң жобасын қарауды сұрады. Кездесуде тілге тиек болған көп мәселелер жергілікті деңгейде шешілуі мүмкін. Ол үшін Азат Перуашев «ПСП «Серик» ЖШС директоры, кәсіпкер Серік Мерғалиев басшылық етіп отырған «Ақ жол» ҚДП облыстық  филиалына баруларына кеңес берді. Сондай-ақ парламент депутаты, тұрғындардың ең маңызды мәселелерін шешу үшін партиялықтар бар күшін салатынына сөз берді. Сонымен бірге ақжолдықтар Зеленов ауданы Дария кентінде болып,сайлаушылармен кездесті. Сол жердегі әлемге әйгілі жазушы М.Шолоховтың мұражайымен танысты. Азат Перуашев пен  Қазыбек Иса  6-7 ақпан күндері екі күн қатарынан Орал қаласындағы "Отау ТВ" желісі арқылы республикамызға хабар тарататын ТДК 42 телеарнасы арқылы  тікелей эфирге шығып, өңір тұрғындары сұрақтарына жауап берді. Келесі күні М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті студенттері және оқытушыларымен кездесу болды. Кездесуде Азат Перуашев сөз сөйлеп, қойылған сұрақтарға жауап берді. Соңында  ақын Қазыбек Иса мінбеге шығып, "Ақ жолдың" Алаш жолындағы ауқымды істері мен бүгінгі ұлттық мүдде туралы кеңінен толғап, әңгімелеп берген ол сөзін айшықты  жырмен аяқтады. "Ақжолдықтардың"  Батыстағы іссапары маңыздылығымен есте қалды. Қажымұхан ҒАБДОЛЛА                                                                                                                                                                                                                 Батыс Қазақстан облысы