Қазақстандағы ең сапалы жұмыс атқарып жүрген әкім кім?
2014 ж. 06 ақпан
2035
2
Әкімдердің бұқараның алдындағы беделін анықтап, істеген жұмысының сапасына баға беру дәстүрге айналып келеді.
Бұл жолы Шығыс Қазақстан облысының әкімі Бердібек Сапарбаев топ бастап тұр. Ал, бұған дейін алдыңғы үштікте келе жатқан Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов сегізінші орынға түсіп қалыпты.Соған орай, "Рейтинг. kz" зерттеу агенттігі өткен жылдың қорытындылары бойынша облыс, қала басшыларының жаңа рейтингісін жариялады. Облыс пен қала әкімдерінің жаңа рейтингінде өзгеріс көп. Тізімді оралмандары көтеріліп, жарық беруді талап еткен, қала берді жақында ғана кеншілері ереуілдеткен өңірдің басшысы бастап тұр. Дәл осы аймақтың әкімі өз есеп беруінде "қытайларға жерді сату керек" деп ұсыныс жасап, жұрттың жағасын ұстатқан болатын. Оңтүстіктен келген азамат Өскемен қаласының әкімі қызметіне тек өз жерлестерін тартып жатыр деп, қоғамда наразылық та туған еді. Сонымен, ядролық жанармай Банкін, Атом Электр Станциясын құруды жоспарлаған Шығыс Қазақстан облысының әкімі - Бердібек Сапарбаев мырза бірінші орында. Ал екінші кезекте Астана қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетов. Шағын кәсіпкерлік жағынан артта қалып жатса да, елорданың 15 жылдық туған күнін ойдағыдай атап өткен әкімдік алдында әлі де көп міндеттердің тұрғаны сөзсіз. Бір жыл бұрын Қызылорда облысының әкімі болған, кабинеттен гөрі аудан-ауылдарды аралағанды жақсы көретін басшылардың бірі-Қырымбек Көшербаев үштікте. Келе салған бойда Қырымбек мырза "аймақты дамыту 2020 стратегиясын" қабылдап, халық есінде қалды. Сондай-ақ, жылдар бойы жиналған Жаңаөзендегі әлеуметтік қиындықтарды тез арада шешу мәселесі тұрғанына қарамастан, әлі де еңбек дауы туу қаупі басым өңір әкімі - Әлік Айдарбаев төртінші орынға іліккен. Ал алдыңғы топтың бестігін әлеуметтік қиындықтары әлі де шешілмей келе жатқан Жамбыл облысының жаңа басшысы - Кәрім Көкрекбаев жапқан. "Рейтинг қарайтын уақытым жоқ" дейтін БҚО әкімі Нұрлан Ноғаев ең соңғы орындардың бірін еншіледі. Ноғаев мырзаның айтқаны рас болса керек, жылды сол 14 орынмен аяқтады тағы да. Ал мектеп, балабақша сияқты нысандардың құрылысы екі түрлі қаржыға салынады деп, үлкен жиында сөз естіген Ақтөбе облысының әкімі Архимед Мұхамбетов он бесінші орында. Ал жақында ғана көлік апатына түскен СҚО әкімі - Самат Ескендіров рейтингті аяқтайды.Рейтинг.кз