6 адамды қағып өткен шенеунік ұлының ісі біткен жоқ

usen0502Сот 6 адамды қағып, біреуі мерт қылған жігітті 45 тәулікке абақтыға жабуға үкім кесті. Сондай-ақ, 2 жылға көлік басқару құқынан айырды. "Неге Үсеновты көрсетпейсіздер? Неге жасырасыздар? Неге тілшілерді алдап сотты бір сағат бұрын ерте бастағансыздар? Ұят қой бұларыңыз?", - деп шулады журналистер.Бір айта кетерлігі, "сот ашық есік жағдайында өтеді" деп жария етілгенімен тілшілер процесске қатыстырылған жоқ деп хабарлайды КТК арнасы. Істің насырға шабарынан қорықты ма, журналистер қолына кейін Мақсат Үсеновтың қатысуымен өтіп жатқан отырыстан таспа таратылды. Мақсат Үсенов бұған дейін көзге көрінбеуін асқынған сыртқатымен түсіндірген. Жазадан оңай құтыла алмаған байдың ұлы соттан изоляторға әкетілді. Айта кетсек былтыр желтоқсанда БМВ көлігін тізгіндеген жиырма төрт жастағы Үсенов алты адамды қағып біреуін жазым еткен болатын. Алайда марқұмның туысымен мәмілеге келген ол қылмыстық жауапкершіліктен сытылған-ды. Тек қоғамда қарсылық өршіген соң прокуратура оны әкімшілік жауапқа тартуды сұраған.

КТК арнасы