Биылғы қыс қаһарлы

158129224210206247761110866222141601061657Алматы облысында ауа райына байланысты төтенше ескерту жарияланды деп хабарлайды Tengrinews.kz төтенше жағдайлар қызметіне сілтеме жасап. "Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаменті "Қазгидромет" РМК-ден түскен дауылды ескерту негізінде қаңтардың 31-і мен ақпанның 3-і аралығында жауын-шашынның түсуі мен қардың толассыз жаууына байланысты Алматы облысының таулы аудандарында қар көшетінін ескертеді", - делінген қалалық департаменттің хабарламасында. Мамандар тұрғындардан, қала қонақтары мен туристерден таулы жерлерге көтерілмеуді сұрайды. Қауіпсіздікті сақтамай, ескертуге құлақ аспағандар қар көшкіні астына қалуы мүмкін. Бір күн бұрын төтенше жағдайлар департаменті Алматының тауларында 20 рет қар көшкенін хабарлаған болатын. Бұған дейін төтенше жағдайлар қызметкерлері Оңтүстік Қазақстанда су тасқыны қаупіне байланысты ескерту жариялаған еді. Жауын-шашын мен жылы ауа райының әсерінен таулы аудандарда сел жүріп, өзендер тасуы ықтимал. Мамандар өзге облыстарда қарлы боран болатынын ескертті. Ал батыс және солтүстік аймақтарда қатты аяз болады деген болжам бар. Метеорологтердің мәліметінше, 1 ақпан күні Қазақстан аумағы жоғары атмосфералық қысым ықпалында болады. Солтүстік, шығыс, оңтүстік-шығыс аймақтарда тұрақсыз ауа райы сақталып, қар жауады, жел мен боран күшейеді, тұман түсіп, көктайғақ болады. Әсіресе, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Қызылорда, Ақмола облыстарында боран соғады. Қызылорда, Ақтөбе, Қостанай, Алматы, Атырау, Маңғыстау, Қарағанды, Оңтүстік Қазақстан облыстарында аяз күшейеді.

tengrinews.kz