Әкімшіліктің алдына "ішкиім" іліп кетті

image68796Стрит-арт суретшi Паша Кас Алматы қаласы әкiм­шiлiгiнiң алдына “Мәдениет жылы” деген жазуы бар “дамбал” iлiп кеттi. Әкiмдiк қызмет­керлерi көп ұзамай-ақ бұл жазу жазылған “iшкиiмдердi” алып тастады. Бiрақ өткен-кеткендер оны суретке түсiрiп алып үлгерген.
Бұл әрекетiн суретшi былайша түсiндiредi: “Биылғы жылды тағы да “Мәдениет жылы” деп атады емес пе. Үкiмет бұған миллиондаған ақша бөледi. Ал бұл қаржы мәдениет пен өнер дегеннiң не екенiн мүлде түсiнбейтiн шенеу­нiктер мен алыпсатарлардың қолына түседi. Бұл қаржы түрлi фестивальдер арқылы жымқырылады, бiзге шетелдiк гастролерлердi әкеледi, олардың алдында құрақ ұшып жүргенi. Ал өзiмiздiң тәуелсiз суретшiлер мен әртiстер, музыканттар тегiн жұмыс iстеп, нанын әрең тауып жүр. Бұл бiздiң суретшiлер өзiмiзде өнер болуы үшiн соңғы ышқыры мен көйлегiн шешiп, жалаңаш қалады дегендi бiлдiредi. Шенеунiктердiң көз алдына дамбал iлгенiм де содан. Бiзде бәрi керемет, елдердiң бәрi бұған көз жұма қарайды деп ойламасын. Мәдениет саласын нелiктен шенеунiк­тердiң бас­қарып отырғанын әлi күнге дейiн түсiнбеймiн”, – дейдi П.Кас.
"Жас Алаш"