Алматы метросының тағы екі бекеті ашылмақ

metro2110_11Құрылысы аяқталуға жақын қос бекет биыл қолданысқа беріледі. Жуырда "Сайран" және "Мәскеу" бекеттерінің тағы бір жер асты жолы түйісті. "Алатау" бекетінен бері қарай 2 жарым шақырым жерді қазуға 3 жыл уақыт кеткен. Жалпы мына үңгірдің тереңдігі орта есеппен 14 метр. Бұл техниканың тілі мен тас үгудің қиын машақатын меңгерген мына үңгілеуші жігіттердің еңбегі. Осыдан 2 жыл бұрын қолданысқа берілген метрополитеннің 7 бекеті көлік нөпірі мен адамдарды діттеген жеріне дер кезінде жеткізуде жарап тұр. Жалпы ұзындығы 9 шақырымды құраған метро тармағы, қосымша қосылатын қос бекеттің арқасында 3 шақырымға ұзармақ. Басшылықтың баяндауынша, аталған стансалар биылдың екінші жартысында пайдаланымға беріледі. Қала сәулетшілері жаңа деммен іске қосылатын стансалардың дизайнын бекітіп қойыпты. "Мәскеу" стансасы орыс халқының салт-дәстүрінен хабардар етер оюлармен безендірілсе, "Сайран" бекеті, таза классикалық стильде безендіріледі екен. Жалпы метрополитен басшылығы "қос бекетті бұдан бұрынырақ бітіруге мүмкіндік бар еді. Десе де, жерасты жолының салынуына көше бойындағы тұрғындардан рұқсат алу біраз кедергі келтірді",- дегенді алға тартады. Ал, бұдан кейінгі станса "Сарыарқа" деп аталады. Ол, Абай мен Сайын көшесінің ортасынан орын тебеді. Келешекте қаладағы жер асты жолын 1- теміржол бекетіне дейін созу жоспарланып отыр. Оның бір ұшы Қалқаманға дейін жетеді.

Baq.kz