"ҚАЗАҚ ҮНІ" - ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҮЗДІК ИНТЕРНЕТ САЙТ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ!!!



Қырымбек Көшербаев тұсындағы Қызылорда

Den-01052013-a-S_942aa436Қазақстанның саяси сарапшылары облыс әкімі «Қырымбек Елеуұлы Көшербаевты 2013 жылдың «Принципшіл саясаткері» деп таныды.

Сарапшылардың пікірінше, Қырымбек Көшербаев аз уақыттың ішінде Қызылорда облысының 2020-шы жылға дейінгі даму стратегиясының жобасын дайындатып, тоқтап қалған құрылыс нысандарын қайта жандандыруға ықпал етті.

Одан бөлек, еңбекақыны уақытылы төлемей жүрген облыс аумағындағы мердігер компания басшыларын тәртіпке шақырып, жұмысшылардың айлар бойы жиналған қарыздарын төлетті.

Ең негізгісі, шілденің екісінде құлаған «Протон- М» зымыран тасығышының зардаптарын жою жөніндегі түйткілді алға тартып, табандылығының нәтижесінде жылы жабылғалы тұрған мәселеге Үкіметтің назарын аудартты.

Өткен жыл расыменде Қызылорда облысы үшін толағай табыстарға толы болды. Біраз келелі істердің нәтижесін облыс халқы осы 2014 жылы да көретін болады.

«Қазақ үні» саяси-қоғамдық апталығының өткен жылға жасаған қорытындысы бойынша, Қырымбек Елеуұлы Көшербаев «Жыл әкімі» атанғанын еске саламыз.

baq.kz



Осыған ұқсас:

Facebook арқылы пікір жазу



Пікір жазылмаған

Пікір жазу
Әлі ешкім пікір жазған жоқ! Бірінші болып пікір жазыңыз!

Пікір жазу үшін тіркеліңіз немесе кіріңіз.